Рефлексия. «Менің көңіл күйім». Балалар суреттерді алып, өзінің оқу қызметінен алған әсері ретінде көгілдір түске боялған тақтаға жапсырады (күн; бұлт пен күн; бұлт;
бұлт жаңбырмен; бұлт найзағаймен).
Алған әсерлерін неліктен ондай суреттермен белгілегенін түсіндіреді.
№3 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
Мақсаты: Отан туралы түсінігін кеңейтіп, білімін толықтыру. Отан туралы тілегін, құрметін өз сөзімен жеткізе білу.
Міндеттері:
«Отан» деген сөздің мағынасын түсіну, еліміздің өркендеуіндегі президенттің рөлі туралы білу.
Өзінің Отаны туралы әңгімелеп айта алу дағдыларын арттыру, зейіндерін дамыту.
Туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: ән, мақалдарды тыңдай отырып, мазмұнын түсініп, өз ойын жеткізуге дағдыланады;
түсінеді: өз Отанының, жерінің, суының сол жерде тұратын адамдар үшін қымбат екенін; еліміздің егемендігі ата-бабаларымыздың аңсаған арманы екенін;
қолданады: өзінің туған жері туралы білетін білімін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, әр мемлекеттің шегарасы көрсетілген саяси карта, жұмыс дәптері, қарындаштар.
Сөздік жұмыс: атамекен.
Полилингвалды компонент: атамекен – родной край – Motherland , отбасы – семья – a family, қонақжай – гостеприимный – hospitable.