Балалар бұл сөздерді қандай мамандық иесі айтуы мүмкін екенін анықтайды.
Сіздің кекіліңізді қысқа қию керек пе?... (шаштараз)
Балалар, кітаптың бетін ашыңдар ... (мұғалім)
Рульді оңға бұрайын... (жүргізуші)
Сурет салуға қылқаламдар дайындадым...(суретші)
Сізге емделу үшін дәрілер жазып берейін... (дәрігер)
Қанша килограмм кәмпит өлшейін?...(сатушы)
Сізге қандай көйлек тігу керек?.. (тігінші)
Балалар, сендер үлкен болып өскенде әрқайсысың бір мамандықты таңдайсыңдар. Сендер өздеріңнің болашақтарыңды қалай қиялдайсыңдар? Сенің қиялыңдағы болашақ мамандық қандай болуы мүмкін? Балалар өздерінің кім болғысы келетіндігі туралы әңгімелеп,
қиялындағы әлемде ол таңдаған мамандықтың қалай өзгеретіндігі туралы ойларын ортаға салады.
Тәрбиеші мамандық туралы анықтама береді:
«Мамандық – бұл іс, адам сол іспен айналысады, сол үшін ақша алады. Мамандықты игеру үшін қандай да бір білім алу керек. Адам мектеп бітіргеннен кейін колледж, институт, академия, университет сияқты арнайы оқу орындарына түсіп, білім алады. Көп білімі мен тәжірибесі бар адам – бағалы маман, өзінің мамандығына байланысты еңбегі де соғұрлым
жоғары бағаланады және төленеді».
Әңгіме оқып беру. В. Сухомлинский. «Менің шешемнен нан иісі шығады».
Бірде балабақшаға бес жасар екі баланы аналары алып келеді. Балалар бір-бірімен танысып, сөйлесе кетті.
Сенің анаң қайда жұмыс істейді?
Ал сен қалай байқамадың? Одан дәрі иісі шығады ғой. Менің анам – дәрігер. Ауырған адамдарды емдейді. Дәрігерсіз адамдар өмір сүре алмайды ғой. Ал сенің анаң қандай жұмыс істейді?
Сен де байқамадың ба? Одан нан иісі шығып тұр ғой. Менің анам – наубайшы. Нансыз ешкім де өмір сүре алмайды.
Бұл әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
Барлық мамандық қажет, барлық мамандық маңызды.
Сергіту сәті: Таңғажайып сәттер бар, Күн шығады, таң атар. Кіп-кішкентай балалар Алыптарға айналар.
Балалар өлең мазмұнына қарай педагогтің көрсеткен қимылын қайталайды.
Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізу. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.