Ұйымдастыру кезеңі.
Үнтаспадан Е. Хасанғалиевтің орындауындағы «Атамекен» өлеңін тыңдайды. Атамекен сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді. Атамекен – ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен. Балалар да өз ойларын жеткізеді:
Атамекен деп туған жерімізді айтамыз. Ол – менің атам, менің арғы бабаларым мекен еткен жер. Енді сол жерде мен туып-өсіп жатырмын.
Полилингвалды компонент: атамекен – родной край – Motherland , отбасы – семья – a family, қонақжай – гостеприимный – hospitable.
Негізгі кезең.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан аталу себебі: жергілікті халық – қазақ ұлты. Біздің еліміз – көпұлтты ел. Қазақстанда тұратын басқа да көптеген ұлт өкілдері Қазақстанды өзінің Отаны деп санайды.
«Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінуге болады? Мақалдың мағынасын өз түсінгендерің бойынша айтып көріңдер.
Мақалдың мағынасын талдау: «Отан – біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміздің табиғаты, ауылымыз, қаламыз. Қай жерде туып-өстік, біз ойнаған көше, біз тұратын қала (ауыл), жақын туыстарымыз, ата-анамыз – барлығы біздің Отанымыз. Отан – бізді қоршаған орта. Барлық адамда бір ғана Отан болады. Әр адам өз Отанын қорғап,
қастерлеуі тиіс, табиғатын аялап, жанындай сүюі қажет. Сендер әлі кішкентайсыңдар, бірақ қазірден бастап өз Отаныңа көмектеріңді көрсете аласыңдар.
Қалай ойлайсыңдар, өз Отандарыңа қалай көмектесер едіңдер?
Қоқыстар тастамау, ағаштарды, бұталарды сындырмау, туғандарымызды жақсы көріп сыйлау, балабақшадағы балалармен тату, дос болу, араздаспау, Отанымыздың одан әрі көркеюіне көмектесу.
Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана қаласы.
Сендер Астана қаласына бардыңдар ма? Қандай көрікті жерлері бар? Балалардың әңгімесін тыңдау.
Демонстрациялық материалмен жұмыс.
Әлемде өте көп ел бар. Мына картада әр елдің жер аумағы бөліп көрсетілген. (Бірнеше үлкен елдің жер аумағын көрсетіп, салыстыру).
Енді картадан жер аумағы үлкен елдерді табыңдар. Балалар картадан әр елдің қандай жерді алып жатқанын көріп, Қазақстан жерінің де үлкен аумақты алып тұрғанын байқайды.
Сергіту сәті:
Бұл шақта, бұл шақта, (қолдарын жан-жаққа созады, жоғары көтереді, төмен түсіреді).
Кішкентаймыз қазір біз. (Отырып-тұрады).
Кішкентай болсақ та – (қолдарын беліне қойып, екі жаққа кезек-кезек бұрылады).
Ел қорғауға әзірміз. ( Қолдарын жоғары көтеріп, адымдайды).
Әңгімелеу.
Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді
сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Дүниежүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәуелсіз Республика деп таныды. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз, халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім?
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1
желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Өйткені бұл күн – «Тұңғыш президент күні». Яғни Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – еліміздің тұңғыш президенті.
1991 жылы 1 желтоқсанда халық өз таңдауымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
президент етіп сайлады. Ал 10 желтоқсаннан бастап президент өз қызметін бастады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – елімізді дамытуда еліміз үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азамат.
Педагог өлең оқиды:
Ел тынысын тереңінен танып кең, Шарапаты бар адамға дарып тең. Елбасының есімі бұл тарихта Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Өлең сөздерін қалай түсінесіңдер?
Отанымыз үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты басқа елдерде де құрметтейді.
Дәптермен жұмыс.
Педагог тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Балалардың мүмкіндігінше өздері орындай алуына жағдай туғызады.
Жеке жұмыс. Дәптердегі тапсырманы орындауға қиналған балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |