Ұйымдастыру кезеңі
«Қатарды есіңе сақта» ойыны.
Ойынға 5–6 бала қатысады. Бірінші бала паровоз «жүргізушісі», қалғандары
«жүргізушінің» артында «вагондар» болып тұрады. «Жүргізушіге» артындағы
«вагондарға» 1 минут қарауға рұқсат беріледі. Содан соң ол теріс қарап, артында «вагон» болып тұрған балалардың аттарын ретімен атап шығуы тиіс.
Негізгі кезең.
Педагог жұмбақ «әңгіме» айтады.
Бір күні Қанқыз үйіне қайтып келе жатып, бақта екі адамның әңгімесін естіпті. Біріншісі айтады:
Менікі жап-жаңа, күшті әрі жылдам жүреді, – дейді. Екіншісі:
Менікінің терезесі күндей жарқырайды, өзі жеп-жеңіл, қауырсындай ұшады, – дейді.
Балалар, айтыңдаршы, бұл екі адам не туралы әңгімелесіп тұр? Қанқыз соны білгісі келіп, осы жерге қонаққа келіпті.
Егер балалар қиналса, педагог жетекші сұрақтар қояды:
Неде нөмір болады?
Неде дөңгелек болады?
Қай затта жолды көрсететін шамы (фары) болады?
Бүгінгі оқу іс-әрекетінің не туралы болатынын байқадыңдар ма? Олар «мәшине» деп табуы мүмкін.
Демонстрациялық материалмен жұмыс.
Мынау қандай мәшине?
Өрт сөндіргіш мәшине.
Ол не істейді?
Өрт сөндіреді.
Мынау қандай мәшине?
Жедел жәрдем мәшинесі.
Ол қандай қызмет көрсетеді?
Жедел жәрдем дәрігері ауырған адамдарға көмек көрсетеді.
Мына мәшине қалай аталады? Қандай қызмет көрсетуге арналған?
Құтқарушылар көлігі, төтенше жағдайларға тап болған адамдарды апаттан құтқарады. («ТЖ» мәшинесі).
Бұл көліктер арнайы көліктер деп аталады. Олар адамдарға шұғыл көмек көрсетеді. Бұл мәшинелер арнайы жабдықталған. Жедел жәрдем мәшинесінде қандай құрал-жабдық
болады?
Дәрі-дәрмек, оттегі толтырылған баллон т.б.
Ал мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
Түйеге, атқа жүк артқан адамдар көшіп барады. Бұрын мәшине болмаған кезде адамдар осылай көшкен. Қазақ халқы ертеде көшпенді халық болған. Олар жазда жайлауға, қыста қыстауға көшу үшін жүктерін атқа, түйеге артқан.
Сендер тағы қандай арнайы көліктерді білесіңдер?
Кран, жүк көлігі т.б.
Олардың ең басты қызметі қандай?
Жүк тасу. Бұл көліктерді құрылыста да қолданады.
Автобус, пойыз, ұшақ, кеме – бұлар не?
– Көліктер.
Бұлардың ортақ атауын табыңдар.
Жолаушылар көлігі.
Полилингвалды компонент
Өрт сөндіргіш – пожарный – firefighter, жедел жәрдем – скорая помощь – аmbulance, құтқарушылар – спасатели – rescuer.
Жолаушылар көлігі не үшін қажет?
Жолаушылар көлігі адамдарды бір жерден екінші жерге жеткізеді.
Алыс жерлерге қандай көлікпен жетеміз?
Алыс жерлерге ұшақ, кеме, автобус, пойызбен жетеміз.
«Мәшине жабдықтары» ойыны.
Педагог мәшине жабдықтарын айтады, балалар сол құралдың дыбысын келтіреді.
Сергіту сәті:
Төрт дөңгелек, дөңгелек, Келесің сен дөңгелеп.
Жеткізер әр уақытта Қажет болған бағытқа. Оның аты – мәшине Кел, дос, отыр қасыма!
Өлең мазмұнына қарай қимылдар келтіреді.
Дәптермен жұмыс. Тапсырмаларды орындау үшін педагог жетекші сұрақтар қояды.
Болашақта сен қандай мәшине болғанын қалар едің?
Өрт сөндіргіш мәшинеге ең керек құрал-жабдықтар нелер?
Кемені жолаушылар көлігі деп атауға бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |