Жолдан өткенде
Дастан
деген баламын, Мектепке енді барамын. Жүруді де үйрендім, Көшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде,
Тоқтай қалып мен демде. Көз саламын арнайы Белгісі бар жерлерге.
Қауіпті
ғой көше тым, Қумай жолдың төтесін. Жолақтарды іздеймін Жаяу адам өтетін.
Асықпаймын аптығып, Алдым мұны жақсы ұғып. Күйсандықтың тіліндей, Қатар-қатар ақ сызық.
Ортасында
тұра қап, Оңға, солға бір қарап, Жолдың арғы шетіне Жетіп алам жылдам-ақ!
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып-жұмамыз. Онан соң төмен түсіріп,
Алақанды соғамыз. Иықты артқа ысырып, Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай
Үлкен боп ертең шығамыз!