Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет27/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021

Негізгі кезең:


Педагог өлең оқиды:

Бұзба көше тәртібін Ұрынарсың апатқа. Ұқыпты болсын әр күнің Жақын болма шатаққа!





    • Өлең не туралы?

– Көшедегі тәртіп туралы.

    • Көшеге шыққанда неге мән беру керек?

    • Жол белгілеріне мән беру керек.

    • Қандай жол белгілерін білесіңдер? Балалар атайды. (Балалар ұмытып қалса, жол белгілері карточкаларын көрсету).

    • Бағдаршамда қанша түс бар?

    • Үш.

    • Сары түс жанғанда қозғалысты бастай беруге бола ма?

    • Жоқ.

    • Қызыл түс нені білдіреді?

    • «Рұқсат жоқ» дегенді білдіреді.

    • Жолды кесіп өтуге бола ма?

    • Жоқ.

    • Жаз мезгіліндегі, қыс мезгіліндегі жолдардың айырмашылығы неде?

    • Жазда жол құрғақ болады, қыста қар жауғандықтан тайғақ болуы мүмкін.

    • Қай мезгілде мәшине тез тоқтап үлгіреді, қыста ма, жазда ма? Неге?

    • Жазда. Өйткені қыста жол тайғақ болады.

    • Сенің бір адымың мәшиненің қанша метріне тең?

    • Адам бір адым аттағанда, мәшине 20 метр қозғалыс жасап үлгіреді.

    • Жаяу жүргіншілер жолы қалай аталады?

    • Жаяужол.

Полилингвалды компонент: жаяу жүргінші – пешеход – a pedestrian, жаяужол – тротуар – footpath, бағдаршам – светофор – traffic light.
Демонстрациялық материалмен жұмыс.

    • Мына суретте не көріп тұрсыңдар?

    • Бала жол жиегінде доп ойнап жүр.

    • Жолда доп ойнау неге қауіпті?

    • Доп жолға домалап кетеді, оны аламын деп бала мәшине дөңгелегі астына түсуі мүмкін.

    • Мына суретке назар аударыңдар.

    • Бағдаршамның жасыл түсіне жолдан өтіп бара жатқан балалар.

    • Мысалы, саған жолдан өту керек болды. Жақын маңда бағдаршам жоқ. Сен қай жерден өтесің? (Суретті көрсету).

    • «Жаяу жүргінші өтетін жер» белгісін тауып, сол жерден өту керек.

    • Балалар, егер жолдан өту керек болса, бағдаршам жоқ болған жағдайда, ерінбей, жаяу жүргіншілер өтетін жерді іздеп тауып, тек сол жерден өту керек! Ол үшін ешқашан

ерінбеңдер!

    • Велосипед жүргізушілері қандай жолмен жүреді?

«Жолдан өту» ойыны.
Шарты: Бір бала «бағдаршам» болады. Қолына жасыл дөңгелекті ұстап тұрады. Балалар
«жолақ жолдан» өтеді. Педагог «Солға қараймыз!», «Оңға қараймыз!» – деп бұйырады. Содан соң «Солға қараймыз. Жолдың ортасына дейін жетеміз. Оңға қараймыз. Өтеміз», – деп әрбір іс-әрекетті сөзбен жеткізіп отырады. Балалар педагогтің көмегінсіз тағы да «жолдан» өтеді.
Жұмбақ шешу.
Қырдан-қырға жалғасады, Барған сайын алға асады.

Оңға да бұрады, Солға да бұрады. Жол тәртібін Реттеп тұрады.


Көшеде жүр кішкентай үй, Сол үйді жүргізуші жүргізеді.





    • Бұл жұмбақтардың шешулері: жол, бағдарлаушы, мәшине.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет