Жаз және күз көріністерін қатар қойып, салыстыру жұмыстарын жүргізеді:
Жаз мезгіліне тән белгілерді тез атап шығыңдар. Күз мезгіліне тән белгілерді атаңдар.
Сұрақтарға жауап береді.
№2 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет. Бөлімі: Экология негіздері. Тақырыбы: Су – тіршілік көзі.
Мақсаты: судың адамзат тіршілігіндегі маңызын түсініп, оны таза ұстауға, қорғауға өз үлесін қосу; судың қасиеттерін анықтауға арналған тәжірибелерді орындай алу.
Міндеттері:
Судың адамзат тіршілігіндегі маңызы туралы түсініктерін нақтылау; судың қасиеттерімен таныстыру.
Танымдық мүмкіндіктерін арттыру; тәжірибе жасай білу дағдыларын дамыту.
Суды үнемдеуге тәрбиелеу; топта жұмыс істей білуге, ұжымда өзін дұрыс ұстай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: судың ащы және тұщы болатынын; тұщы суды қайда пайдаланатынын; судың қасиеттерін тәжірибе арқылы біледі.
түсінеді: судың адамзат тіршілігіндегі маңызын; судың қасиеттерін.
қолданады: өзі тұратын жерде қандай суқоймалары бар екенін және ол туралы білімдерін; суқоймаларын қорғауды, күтуді.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, шелектегі су, әртүрлі көлемдегі шыны ыдыс, бояу, қылқалам, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: тұщы.
Полилингвалды компонент: жылға – ручей – creek, көл – озеро – the lake, тұщы – пресный – unleavened, мөлдір – прозрачный – transparent.
Достарыңызбен бөлісу: |