Біз суды қорғау үшін қандай көмек көрсете аламыз?
Су – тіршілік көзі. Біріншіден, суды үнемді қолдану керек. Кранды дұрыстап жабу керек. Суды ластауға болмайды. Оған қоқыс, қалдықтар лақтыруға болмайды.
№3 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет. Бөлімі: Экология негіздері. Тақырыбы: Жас экологтер.
Мақсаты: жанды организмдер тіршілік ету үшін өзіне қажетті ауа, су, қоректік затты қоршаған ортадан алатынын түсіну.
Міндеттері:
Проблемалық жағдайларды шешуді үйрену. Жанды организмнің қоршаған ортамен байланысы туралы түсініктерін нығайту. Сөздік қорларына «эколог», «экологиялық апат» сөздерін енгізу.
Қыстап қалатын және жыл құстары туралы түсініктерін нығайту. Қоршаған орта, оны қорғау туралы білімдерін дамыту.
Табиғатты қорғауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Бір-бірін тыңдай білуге, бір- бірінің пікірін құрметтеуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |