Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет40/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021

ҰОҚ барысы:


    1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог топқа ішінде жоспар-сызба бар хатқалтаны әкеледі. Хатты ашып оқиды:
«Құрметті, балалар! Мен сендерді саяхатқа шығуға шақырамын. Бізге қайда жүру керектігін жоспар-сызба көрсетеді. Сендерді алда қызықты кездесулер мен шешілмеген мәселелер күтіп тұр. Тиін».
Балалар «Өзен», «Орман», «Зертхана», «Шеберхана» деген аялдамалар белгіленген саяхат жоспарымен танысады.
    1. Негізгі кезең.


1-аялдама. «Өзен» аялдамасы.
Педагог балаларды саяхатқа шығуға шақырады. Балалар саяхатқа (топ бөлмесінде) шығуға дайындалады.
Балалардың алдынан Тиін шығып, не болғанын айтады: «Бір бала мені орманда көріп, ақырын келіп, ұстап алды. Мені осында әкеліп тастап кетті. Жан-жағыма қарасам, маған таныс емес жер. Мұнда су, жер, мен білмейтін өсімдіктер. Менің өз үйіме қайтқым келеді. Бірақ менің айналамдағылардың не нәрсе екенін білгім келеді. Маған сендер айтып беретін шығарсыңдар». Балалар тиінмен амандасады, қызығушылығын білдіреді, тиіннің сөзін тыңдайды.
Педагог балалардың назарын экрандағы өзен бейнеленген көрініске аударады.

    • Балалар, өзенде нелер өмір сүреді?

    • Өзенде балықтар, шаяндар, жәндіктер, өсімдіктер өседі. Жануарлар өзенге су ішуге келеді.

Әңгіме иллюстрациялар, ойыншықтар көрсету арқылы жүргізіледі. Балалар экраннан не көріп тұрғандарын әңгімелейді.

    • Өзенді мекендейтіндер табиғаттың жанды, жансыз денелерінің қайсысына жатады?

Тиінге дәлелдеп беріңдер.

    • Олар жанды денелерге жатады. Өйткені олар көбейеді, өседі, қозғалады, тыныс алады, қоректенеді, өледі.

«Жанды табиғат» сызба-үлгісімен жұмыс жүргізу.
Балалар сызба бойынша жұмыс істеп, олардың жанды табиғатқа жататынын дәлелдейді. Полилингвалды компонент: қоқыс – мусор – garbage, суқойма – водохранилище – reservoir.
Педагог балалардың назарын еденге төселіп дайындалған көрініске аударады (онда қоқыстар көп).

    • Не көріп тұрсыңдар? Не істеуіміз керек? Балалар қолдарына қолғап киіп, қоқыстарды пакетке салады.

    • Жарайсыңдар, балалар! Сендер өзенді қоқыстан тазарттыңдар. Табиғаттың таза болуына көмектесетін адамды кім дейтінін білесіңдер ме?

    • Табиғаттың тазалығын бақылайтын адамдарды экологтер дейді.

    • Сендер бүгін жас экологтер болдыңдар. Мен сендерге арнайы экологтер галстугын тапсырамын. Неге оның түсі жасыл деп ойлайсыңдар?

    • Экологтер табиғатты қорғайды, сондықтан галстук жасыл түсті болады. Судың сылдыраған дыбысы естіледі (аудиожазба).

    • Балалар, не естіп тұрсыңдар? Өзен сендерге рақметін айтып жатыр.

Енді сендер суқоймасын мекендеушілерді өзенге қайтаруларыңа болады. Балалар өзенде тіршілік ететіндердің (муляж) атын атай отырып, өзенге орналастырады.

    • Біз тиінге үйіне қайтуына көмектесуіміз керек. Ол қай жерді мекендейді? Балалар сұраққа жауап береді.

    • Балалар, сызбаны мұқият қарап, әрі қарай көрсетілген бағыт бойынша аттанамыз.

«Орман» аялдамасы.
Балалар топтағы орман көрінісі бейнеленген бұрышқа қарай жүреді. Жүргізуші:

    • Тиін, бұл жер саған таныс па? Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр? Тиін қыс мезгіліне дайын ба?

    • Қазір күздің соңғы айы. Күн суытып, өзенге мұз қата бастады. Тиін сұр тонын ақ тонға ауыстырады.

    • Тиінді осы жерге, орманға қалдырып кетеміз. Жинаған жаңғақтары мен саңырауқұлақтарын жеп жатады.

    • Орманда құстардың дауысы естілмейді. Олар қайда кеткен?

    • Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

    • Олар неге ұшып кетті?

    • Олар үшін қыста қорек аз.

    • Бірақ кейбір құстар осы жерде қыстап қалыпты. Экраннан қыстап қалатын құстардың бейнесі көрінеді.

    • Өздеріңе таныс құстардың атын атаңдар. Балалар экранда көрінген құстардың атын атайды (торғай, шымшық, қарға, тоқылдақ, қайшыауыз, үкі).

    • Бұл құстар неге жылы жаққа ұшып кетпейді? Балалар бұл құстардың қыста азық тауып жей алатындығын айтады.

Сергіту жаттығуы.
Балық жүзді таза суда,
Бір керіліп, бір жиырылуда. Жүзіп, жүзіп шаршағанда, Тығылады тасты құмда.
«Зертхана» аялдамасы.

    • Балалар, қыстап қалатын құстардың аттарын естеріңе сақтап алыңдар. Енді өзіміздің

«Зертханамызға» қайтып, сол жерде жұмыс істейміз. Орманда көрген құстарды естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе суретін салыңдар. Балалар орындарына келіп, сурет дәптерлеріне қыстап қалатын құстардың өзі қалаған бір-екеуінің суретін салады.

    • Енді сендердің зейіндеріңді тексеріп көрейік. «Не артық?» ойынын ойнаймыз. Мен

бірнеше құстың атын атаймын. Солардың ішінен сол қатарға сәйкес келмейтін артық құсты тауып айтасыңдар. (Ойын жылдам жүргізіледі). Балалар педагогтің атаған құстар қатарын мұқият тыңдайды. Сол қатарға сәйкес келмейтін құсты тауып атайды.

    • Балалар, енді жанды табиғатты жансыз табиғаттан қалай ажыратуға болатынын қалай түсінгендеріңді тексеріп көрейік (карточкалар теріс қаратып қойылған). Әр бала екі карточкадан алады. Онда бейнеленген суреттердің жанды немесе жансыз табиғатқа

жататынын анықтайды. Тиісті қалташаға салып, өз шешімін түсіндіреді.
«Шеберхана» аялдамасы.

    • Сызба бойынша келесі аялдама – «Шеберхана». Біз онда жемсауыт жасаймыз. Балалар

«шеберханаға» келеді. Үстелдің үстінде сүттен босаған қораптар тұр. Балалар бос пакеттен үлгі бойынша жемсауыт жасайды.

    • Біз қыстап қалатын құстарға жем беруіміз керек. Бос қораптардан жемсауыт жасаймыз.

Экранда жемсауыттың жасалу жолы көрсетіледі.

    • Серуенге шыққан кезде жемсауытты ағаштарға іліп, құстарға жем береміз.

Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізеді. Тапсырмаларды орындайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет