Балалар, алдарыңда әдемі құмыралардың суреті тұр. Осы құмыраларға гүлдер өсіруіміз керек. Мен жақсы музыка қоямын, музыканың көмегімен әдемі гүлдердің өсуіне
көмектесіңдер. Қоян балаларға алғысын айтып, қоштасады. Балалар құмыраға өздері қалаған гүлдің суретін салады. Олар гүлдерін Қоянға сыйлайды.
№6 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Табиғат бұрышын мекендеушілер. Оларды күту.
Мақсаты: табиғат бұрышын мекендейтін жануарлар тіршілігіндегі ерекшелікті білу, оларға күтім жасай алу.
Табиғат бұрышын мекендейтін жануарларға деген қамқорлық сезімдерін арттыру.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: үйдегі, табиғат бұрышындағы жануарларға қамқор болады;
түсінеді: оларға қалай күтім жасауды; үйде өсіруге болатын жануарлар тіршілігіндегі ерекшелікті;
қолданады: табиғат бұрышын мекендеуші жануарлардың аттарын, олардың ерекшелігі туралы білімдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар және жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: табиғат бұрышы.
Полилингвалды компонент: табиғат бұрышы – уголок природы – nook of nature, тасбақа