Ұйымдастыру кезеңі. Педагог:
Балалар, табиғат бұрышынан білуге құмар Қоянның хатын тауып алдым. Ол хатында бөлме өсімдіктерін жақсы көретінін, бірақ оны қалай күту керектігін білмейтінін айтыпты.
Балалар Қоянның хатымен танысады.
Негізгі кезең.
Олай болса, Қоянға біздің бөлмедегі өсімдіктерді көрсетіп, оны қалай күту керектігін үйретейік.
Қоян, қарашы біздің топта бөлме өсімдіктері қандай көп. Балалар, осы өсімдіктердің атын атап көрейікші. Балалар педагогтің көмегімен өсімдіктердің атын атайды: бегония, қынагүл, қазтамақ, қырыққұлақ, кактус т.б.
Балалар, өсімдіктердің бәріне ортақ ұқсастықты айтып беріңдерші.
Олардың тамыры, жапырағы, сабағы бар.
Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Олардың жапырақтары әртүрлі, бірінің сабағы жуан, бірінің сабағы жіңішке. Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Полилингвалды компонент: бөлме өсімдіктері – комнатные растения – houseplants , су бүрку – опрыскивать водой – sprayed with water, топырағын қопсыту – разрыхлять почву – loosen the soil .
Енді Қоянға өсімдіктердің жанды организм екенін дәлелдеп беріңдер.
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Өсімдіктер өседі, қоректенеді, су ішеді, ауамен демалады, өсуін тоқтатады.
Олар аузы жоқ болса, қалай қоректенеді, су ішеді?
Ол тамыры арқылы топырақтан қоректік затты, суды алады.
Ал ауамен қалай демалады?
Жапырағы арқылы демалады.
Жарайсыңдар, балалар, Қоянға көп нәрсе айтып бердіңдер.
Сергіту сәті:
Өсімдіктер алғаш өнген кезде қандай болады? (Балалар отырады).
Қалай өседі?
Жайлап көтеріледі.
Жапырағын қалай жаяды?
Қолдарын екі жағына жаяды.
Гүлдері қайда өседі?
Қолдарын жоғары созады.
Жаңбыр жауғанда гүлдер қайтеді?
Қолдарымен бастарын жабады.
Практикалық жұмыс.
Балалар, енді Қоянға өсімдіктерді қалай күту керек екендігін көрсетейік. Балалар алжапқыштарын киеді, қолдарына таяқшаларын, су сепкішті алады.
Өсімдік жақсы өсу үшін не керек?
Өсімдік жақсы өсу үшін ауа, жарық керек.
Олай болса, өсімдіктерді жарық жерге қойып, өсімдіктерге күтім жасайық. Балалар екі- үштен бірігіп, топтағы өсімдіктердің топырағын қопсытып, су құяды.
Топырақты таяқшамен қопсытамыз.
Жапырақтарының шаңын жұмсақ шүберекпен сүртеміз.
Су құямыз.
Жапырақтарына су бүркеміз.
Өсімдіктердің жапырағы, тамырына зақым келтірмес үшін, күту жұмысын қалай орындадыңдар?
Мұқият, ұқыпты, баппен, мейіріммен.
Жарайсыңдар, балалар! Сендер Қоянға өсімдіктерді күтуді үйреттіңдер. Енді ол да өсімдіктер өсіретін болады.
Ал енді олар неге бөлме өсімдіктері деп аталады?
Өйткені олар бөлмеде өсіріледі.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу. Тапсырмаларды орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |