Ұйымдастыру кезеңі
Педагог: Бүгін бізге жақын тіршілік ететін жануарлар, оларды күту туралы әңгімелейміз.
Кәне, кім нені жақсы көреді? Немесе өзіңмен бірге үйде қандай жануар тіршілік етсе деп армандайсың? Балалар өздеріне ұнайтын табиғат бұрышын мекендеушілер туралы айтады. Оның қандай қылықтары ұнайтынын әңгімелейді.
Табиғат бұрышын мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?
Балықтар, кірпі, тасбақа, қоян, атжалман, тотықұс...
Негізгі кезең:
– Ал, кәнеки, бәріміз ұйықтаймыз. Сендер ұйқыашардың дауысы естілгенде оянасыңдар. Педагог құстың жағымды дауысы жазылған таспаны қояды. Балалар педагогтің нұсқауымен бастарын партаға қойып, ұйқыға кетеді. Құстың дауысы естілгенде, бастарын көтереді.
Күнде таңертең оятатын сағат шырылы мен құстың дауысын салыстырыңдар. Сағаттың шырылы ұйқыдан шошытып оятады. Ал құстың дауысы жағымды естіледі.
Адамдар не үшін бұл жануарларды бөлмеде өсіреді? Адамдар оларға қамқорлық жасайды, олардың жанында өзін рақат сезінеді. Балалардың жануарларға деген
сүйіспеншіліктері артады.
Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Полилингвалды компонент: табиғат бұрышы – уголок природы – nook of nature, тасбақа – черепаха – tortoise, атжалман – хомяк – hamster.
Біз бүгін «Табиғат бұрышының» тұсаукесерін өткіземіз.
Демонстрациялық материалмен жұмыс.
1. «Табиғат бұрышының» көрінісі.
Біз бүгін табиғат бұрышын мекендейтін жануарлар туралы әңгімелейміз. Осы
жануарлардың қайсысы кімнің үйінде мекендейді? Балалар өздерінің үйінде мекендейтін жануарлар туралы әңгімелейді.
Үйімізде бұл жануарлардың бәрін асырай алмаймыз. Неге?
Кейбіреулердің үйінде орын болмауы мүмкін.
Қарап, күтетін уақыттары болмауы мүмкін.
Ал біз өз балабақшамыздағы жануарларға күтім жасайтын боламыз. 2 . Аквариумның суреті.
Табиғат бұрышындағы жануарларды күту үшін нені білу керек?
Жануарларды күтуді, қалай қоректендіруді білу керек.
Алдымен аквариумда өсірілетін балықтармен танысайық. Балықтарды міндетті түрде аквариумда өсіру керек. Неге?
Аквариумда оларға суқоймаларындағыдай жағдай жасалған.
Балықтарды қалай күту керек? Аквариумда не болуы тиіс?
Құм, ұсақ тастар, балдырлар.
Балдыр не үшін керек?
Балдыр таза оттегі бөледі.
Аквариумдағы балықтардың пішіні қандай?
Балықтар сопақша, үшбұрыш, тік төртбұрыш пішінді.
Аквариумда қандай балықтар өсіріледі?
Аквариумда өсірілетін балықтар: семсерқұйрық, гуппи, скалярия т.б.
Балықтарды дұрыс күту үшін нені білу керек?
Оларға азықты қалай беру керек екенін және қандай ұлуларды жіберу керек екенін білу керек.
Тордағы канарейканың суреті.
Канарейка қандай құс?
Канарейка – әнші құс. Өзі кішкентай болады. Канарейка – үйге үйретілген құс. Бұл құсты торда ұстайды. Ол әдемі сайрайды (оның дауысын тыңдату).
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым, Алға қарай бір адым. Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Табиғат бұрышындағы тасбақаның суреті.
Тасбақа туралы не білесіңдер?
Тасбақа – арқасында сауыты бар, баяу қозғалатын жануар. Ол қорықса, сауытының астына жасырынып қалады. Тасбақа өзін 18–20 градус жылылықта жақсы сезінеді.
Температура төмен болса, аз қозғалады. Оған ұсақ құрттар, шикі ет, балық беруге болады.
Атжалманның суреті.
Атжалман неге ұқсайды?
Атжалман үлкен тышқанға ұқсайды.
Олар тышқан сияқты зиянды ма?
Жоқ, олар тістемейді, жиһазды кемірмейді, оны бөлме ішіне жіберіп қоюға болады.
Атжалманды ескі аквариумға, шыны банкіге орналастыруға болады. Оларды күту көп қиындық әкелмейді.
Тордағы тотықұс суреті.
Суретке қараңдаршы. Ол қандай құс?
Ол – өте әдемі құс. Тотықұс торға тез үйренеді. Тордың ішінде ондаған жыл өмір сүре береді. Ол қатты айғайлап немесе сыбырлап тілдеседі.
Оның қандай ерекшелігі бар?
Тотықұс адамның сөзін қайталай алады.
Дәптермен жұмыс жүргізу. Жеке жұмыс жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |