Ұйымдастыру кезеңі
Педагог қыс туралы өлең оқиды:
Балалар шықты далаға, Ойнап, күліп жүр енді. Шаналармен озады, Аққаланы соғады.
Бұл өлеңде қай мезгіл туралы айтылады?
Қыс туралы айтылады.
Одан соң көктем мезгілі туралы өлең оқиды. Тамшы, тамшы, тамшылар
Көгерді ағаш, тал шынар. Тамшылар өнетін
Тамаша гүлдер бар шығар.
Балалар өлеңді мән беріп, мұқият тыңдайды.
Негізгі кезең:
Қазір жылдың қай мезгілін шығарып салып, қай мезгілді қарсы аламыз?
Қыс мезгілін шығарып салып, көктемді қарсы аламыз.
Полилингвалды компонент: қысқа күн – короткий день – short day, ұзақ түн – долгая ночь
long night.
Қыс мезгіліне тән белгілерді айтыңдаршы?
Қыс мезгілінде күн суытады, қар жауады, тұман түседі, өзен-көлдерге мұз қатады. Педагог балалардың айтқандарын сурет арқылы көрсете отырып толықтырады.
Қыста ең қысқа түн, ең ұзақ күн болады. Күн өте жоғары көтерілмейді, сондықтан жер
бетін аз қыздырады. Аспанды үнемі сұр бұлт басып, күннің көзі көрінбейді. Ағаштарды, жер бетін аппақ қар басып қалады. Кейде қатты боран қарды ұйтқытып, ақтүтек болады. Өзен- көлдердің бетін қалың мұз басады да, балықтар судың түбіне қарай кетеді. Жәндіктер мүлдем көрінбейді. Балалар мұқият тыңдайды.
Ол жәндіктердің бәрі қайда кетті?
Жәндіктер ағаш қабығының астына, қуыстарға жасырынып қалған.
Айналада құстар көріне ме?
Құстардың бәрі жылы жаққа ұшып кеткен. Тек қана қыстап қалатын құстар ғана көрінеді.
Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
Ауа таза болады.
Қандай ойындар ойнайсыңдар?
Қыста қызық ойындардың түрі көп. Шана, коньки тебеміз, шаңғымен сырғанаймыз, қар атысамыз, аққала жасаймыз.
Қыста ауырып қалмас үшін қалай күтінесіңдер?
Жылы киінеміз, суық қар, мұз жемейміз.
Қыста үлкендер қандай жұмыс істейді?
Қар күрейді, жолдарды тазартады, егістіктерде қар тоқтатады.
Егістіктерде қарды не үшін тоқтатады?
Топырақта ылғал мол болу үшін. Педагог көктем туралы өлең оқиды.
Өлеңде қандай мезгіл туралы айтылады?
Көктем көрінісі бейнеленген.
Оны қайдан білдіңдер? Тақтаға көктем көрінісінің суреті ілінеді.
Суретке қарап, көктем көрінісін суреттеңдер.
Далада қар еріп жатыр. Аспан ашық. Ағаштарда бүршік пайда болды. Алғашқы гүлдер шыға бастады.
Құстар дауысының фонограммасы тыңдалады.
Дауысқа арналған «Құстар» ойын-жаттығуы жүргізіледі. Педагог балаларға әдемі, тыныш музыкаға құстар сияқты айналуды ұсынады. Балалардан күзде құстарды қалай шығарып салғандарын сұрайды. Енді олар біздің жерімізге қайта оралды. Ағаштар жапырақ жайып, гүл аша бастады. Айналада күнде қылтиып жаңа гүлдер шыға бастайды.
Балалар құстар дауысын тыңдайды. Шамалары келгенінше қандай құстың дауысы екенін ажыратады.
Педагог балалардың басына гүлден жасалған баскиімді кигізіп, «Алаңқайдағы гүлдер» ойынын жүргізеді.
Сергіту сәті.
«Гүлдер өседі»
Баяу музыка ойнайды. Балалар жүресінен отырып, ақырындап көтеріле бастайды. Жайлап қолдарын жоғары көтереді.
«Гүлдер желмен тербеледі»
Балалар музыка ырғағымен тербеледі, жайлап айналады.
«Гүлдер алаңқайға шашылды». Балалар жеңіл музыка ырғағымен жайлап жан-жаққа жүгіреді, тоқтап бастарын шайқайды.
Балалар музыка ырғағымен айналып билейді. Қолдарын бұлғап құстарды шығарып салады, шаттанып, құстарды қарсы алады.
Сендер үйде немесе аулада қандай гүл егуге көмектестіңдер? Балалар өздері білетін гүл атауларын атайды.
Адамдар көктемде қандай еңбек түрлерін атқарады?
Ауланы, көшелерді тазалайды, егістіктерде жер жыртады, егін егеді, бау-бақшаларды күтеді, үй жануарларын күтеді, балалар құстарға ұя жасайды.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу. Тапсырмаларды орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |