Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет54/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021

Күтілетін нәтиже:


жасайды: өсімдік өсу үшін қажетті жағдайды;
түсінеді: тәжірибе жасауды және одан қорытынды шығаруды;
қолданады: өсімдік тұқымдарын көбейту тәсілі туралы білімдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, тұқымдардың көбею жолын көрсететін сурет, әртүрлі тұқым түрлері, жемістер, көгөністер, жұмыс дәптері.
Алдын ала атқарылатын жұмыс: балаларға күнбағыс, үрмебұршақ, асбұршақтың т.б. тұқымдарын қарау ұсынылады. Тұқымды екі бөлікке бөліп, екі ыдысқа салып, біріне су құяды, екіншісін құрғақ күйінде қалдырады. Оларды терезе алдына қояды. Бірнеше күннен кейін, су құйылған ыдыстағы тұқым өнеді де, құрғақ тұқым сол күйінде қалады. «Тұқым өсу үшін су керек» деген қорытынды жасайды. Содан соң өнген тұқымның бірін ыдысқа салып, терезенің алдына жылы жерге қояды, екіншісін суық жерге қояды. Бірнеше күннен кейін
жылы жерде тұрған тұқымға тамыр мен сабақ пайда болғанын, ал екіншісінде өзгеріс жоғын байқайды. «Өсімдік өсу үшін жылу керек» деген қорытынды жасайды. Өсіп келе жатқан өскінді екі ыдысқа бөліп салып, бірін жарыққа қойып, су құяды. Ал екіншісін қараңғы жерге қойып, су құяды. Аз күннен кейін қараңғы жердегі өсімдіктің тіршілігі тоқтағанын көреді.
«Өсімдік өсу үшін жарық керек» деген қорытынды жасайды.
Сөздік жұмыс: өсімдіктердің көбеюі.
Полилингвалды компонент: тұқым – семя – seed, өскін – проросток – plantlet, үрмебұршақ – фасоль – kidney bean.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет