Ұйымдастыру кезеңі
Педагог: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ сөйлем айтамын: «Қолы жоқ, аяғы жоқ – қозғалады, аузы жоқ – тыныс алады, қоректенеді».
Бұл – өсімдік.
Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?
Адамдар өсімдіктерді азық ретінде, құрылыс материалы ретінде қолданады, қағаз алады. Ол ауаны тазартады.
Тәжірибе жасап көрдіңдер. Өсімдіктер қалай көбейеді?
Өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді.
Өсімдік өсу үшін не керек?
Негізгі кезең:
Балаларға екіге бөлінген алма мен алмұрт ұсынылады.
Олардың қандай ұқсастығы бар және айырмашылығы қандай?
Олардың пішіндері, дәмі, түсі, иісі әртүрлі. Олардың ұқсастығы: екеуі де жеміс, ортасында тұқымы бар, қатты жеміске жатады.
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Балалар суреттерге қарап, өсімдіктер бөліктерін атайды.
Полилингвалды компонент. Сөздік жұмысы жүргізіледі.
тұқым – семя – seed, өскін – проросток – plantlet, үрмебұршақ – фасоль – kidney bean.
Егер осы бөліктерді қағаз сүрткішке қойсақ, не болады?
Қағазда судың ізі қалады.
Қандай қорытынды жасауға болады?
Екеуі де шырынды жеміске жатады.
Көгөністердің тұқымын бақылау ұсынылады.
Олардың тұқымы қандай?
Тұқымдары әртүрлі. Бірінің сырты қатты қабықтан тұрады, енді бірі жұмсақ.
Біз тамаққа қандай бөлігін пайдаланамыз?
Тұқымынан тазартып, жұмсақ бөлігін пайдаланамыз. Тұқымды лупамен қарау ұсынылады.
Барлық тұқым бірдей ме?
Тұқымдар әртүрлі.
Тұқымдарды ортасынан бөліп көріңдер.
Кейбір тұқымдар ортасынан жарылады. Ал қызанақтың тұқымы бөлуге келмейді.
Кейбір тұқымдардың сыртқы қабығы неге қатты?
Ол ұсақ және жұмсақ. Сыртқы қабығы ішіндегі тұқымды кеуіп кетуден сақтайды.
«Тұқымдарды жіктеу» ойыны.
Балалар тұқымдарды кішкентайдан бастап, ірісіне дейін көлемі бойынша орналастырады.
Содан соң сырты ең тегіс тұқымнан сырты кедір-бұдыр тұқымға дейін орналастырады.
Қандай қорытынды жасайсыңдар?
Тұқымдар пішіні, түрі, сыртқы қабығы бойынша әртүрлі болады. Олардың ішінде болашақ өсімдіктер бар.
Тұқым өсіп-өну үшін қандай жағдай керек? – Алдымен оларға жұмсақ, құнарлы топырақ керек. Содан соң жарық, жылу, ауа, су керек.
Сергіту сәті
Қатты нөсер басылды – Балалар қолдарын жаймен тарсылдатады. Күн жарқырай ашылды – Қолдарымен күн жасайды.
Көктен төмен әдемі – Қолмен жарты доға жасайды. Кемпірқосақ шашылды.
Ал сендер өсімдіктерді қалай күтулерің керек?
Өнген өсімдікті су құйып, топырағын қопсытып, арам шөптерден тазартып отыру керек.
Өсімдік әрі қарай қалай дамиды?
Өсімдікте гүл пайда болады. Гүлдің ортасындағы түйіннен жеміс пайда болады.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізеді. Тапсырмаларды орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |