Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет55/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021

ҰОҚ барысы:


    1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ сөйлем айтамын: «Қолы жоқ, аяғы жоқ – қозғалады, аузы жоқ – тыныс алады, қоректенеді».

    • Бұл – өсімдік.

    • Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?

    • Тәжірибе жасап көрдіңдер. Өсімдіктер қалай көбейеді?

    • Өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді.

    • Өсімдік өсу үшін не керек?
    1. Негізгі кезең:


Балаларға екіге бөлінген алма мен алмұрт ұсынылады.

    • Олардың қандай ұқсастығы бар және айырмашылығы қандай?

    • Олардың пішіндері, дәмі, түсі, иісі әртүрлі. Олардың ұқсастығы: екеуі де жеміс, ортасында тұқымы бар, қатты жеміске жатады.

Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Балалар суреттерге қарап, өсімдіктер бөліктерін атайды.
Полилингвалды компонент. Сөздік жұмысы жүргізіледі.
тұқым – семя – seed, өскін – проросток – plantlet, үрмебұршақ – фасоль – kidney bean.

    • Егер осы бөліктерді қағаз сүрткішке қойсақ, не болады?

    • Қағазда судың ізі қалады.

    • Қандай қорытынды жасауға болады?

    • Екеуі де шырынды жеміске жатады.

Көгөністердің тұқымын бақылау ұсынылады.

    • Олардың тұқымы қандай?

    • Тұқымдары әртүрлі. Бірінің сырты қатты қабықтан тұрады, енді бірі жұмсақ.

    • Біз тамаққа қандай бөлігін пайдаланамыз?

    • Тұқымынан тазартып, жұмсақ бөлігін пайдаланамыз. Тұқымды лупамен қарау ұсынылады.

    • Барлық тұқым бірдей ме?

    • Тұқымдар әртүрлі.

    • Тұқымдарды ортасынан бөліп көріңдер.

    • Кейбір тұқымдар ортасынан жарылады. Ал қызанақтың тұқымы бөлуге келмейді.

    • Кейбір тұқымдардың сыртқы қабығы неге қатты?

      • Ол ұсақ және жұмсақ. Сыртқы қабығы ішіндегі тұқымды кеуіп кетуден сақтайды.

«Тұқымдарды жіктеу» ойыны.
Балалар тұқымдарды кішкентайдан бастап, ірісіне дейін көлемі бойынша орналастырады.
Содан соң сырты ең тегіс тұқымнан сырты кедір-бұдыр тұқымға дейін орналастырады.

    • Қандай қорытынды жасайсыңдар?

    • Тұқымдар пішіні, түрі, сыртқы қабығы бойынша әртүрлі болады. Олардың ішінде болашақ өсімдіктер бар.

    • Тұқым өсіп-өну үшін қандай жағдай керек? – Алдымен оларға жұмсақ, құнарлы топырақ керек. Содан соң жарық, жылу, ауа, су керек.

Сергіту сәті
Қатты нөсер басылды – Балалар қолдарын жаймен тарсылдатады. Күн жарқырай ашылды – Қолдарымен күн жасайды.
Көктен төмен әдемі – Қолмен жарты доға жасайды. Кемпірқосақ шашылды.

    • Ал сендер өсімдіктерді қалай күтулерің керек?

    • Өнген өсімдікті су құйып, топырағын қопсытып, арам шөптерден тазартып отыру керек.

    • Өсімдік әрі қарай қалай дамиды?

    • Өсімдікте гүл пайда болады. Гүлдің ортасындағы түйіннен жеміс пайда болады.

Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізеді. Тапсырмаларды орындайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет