Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет57/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021
603048, 499361, Өзен, 8 cынып БЖБ, 8 cынып БЖБ, Документ (4), Документ (4), Әлемдегі саяси қақтығыстар, Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану., 208802, үйірме 9 сынып, Хаттама жас маман тест 2018, Абайлаңыз балалар жоспары 22, Бала құқығы -адам құқығы ақпарлама (Автосохраненный)

ҰОҚ барысы:


    1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог: Балалар, бізге үрейлі жеделхат келіпті, онда былай деп жазылған:
«Балабақшаның төңірегінде өзен-көлдердің тыныштығын бұзушы – Сулайлағыш, құстардың ұясын бұзатын – ұябұзғыш, орманның тыныштығын бұзатын – ысқырғыш деген сотқар балалар пайда болыпты».
Бұл хабарды естіп, балалар табиғатқа көмек көрсету үшін бұзақыларды іздеуге аттанады. Жазбахат, нұсқамалардың көмегімен сотқар балаларды тауып,
топ бөлмесіне алып келеді.
    1. Негізгі кезең:


Педагог: «Неге орманда шулайсыңдар?» – дейді.
Сулайлағыш: «Осы да шу ма? Кәне, ысқырғыш, қалай ысқыру керек екенін көрсетші» – дейді.
Педагог мойнындағы ысқырықты қолына алып, былай деп ескертеді:
«Өздеріңді дұрыс ұстаңдар. Сендер балалардың көңіл күйін бұзбаңдар. Әйтпесе бұрышқа тұрасыңдар!» – дейді. Үшеуі: «Біз білмей қалыппыз» – деп күмілжиді.
Педагог: «Кәне, балалар, табиғатта өздерін қалай ұстау керектігін айтыңдаршы?» – дейді.

    • Ал Ұябұзғышқа не айтар едіңдер?

    • Орман, табиғат – бұл көптеген аңдар мен құстардың мекені. Ал олардың мекенінде шулауға болмайды. Қазір құстар балапан басып жатыр. Көптеген аңдардың кішкентай

балалары бар. Оларды үркітуге болмайды.

    • Ұябұзғыш, сен балалардың айтқанын тыңда. Ұя бұзып, мерген болғанша, спортпен айналысып, допты торға дәл түсіруді үйрен.

    • Құстар – біздің досымыз. Олардың ұясындағы кішкентай балапандар өсіп, ертең өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайтын болады.

    • Ол табиғатқа тағы қандай зиян келтірді?

    • Ашатаяқ жасау үшін ағашты бүлдірді.

Ұябұзғыш өзінің қылығының дұрыс емес екенін енді түсінгенін айтып, балалардан кешірім сұрайды.
Сергіту сәті.
Секірейік, секірейік, Ұзын құлақ қоянша. Шаршағанды кетірейік Болар сонда тамаша!
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Полилингвалды компонент: ауа – воздух – air, самал жел – легкий ветерок – light wind.

    • Балалар, мына Сулайлағышты не істейміз? Өзен-көлдерге шыны сынығын, қалбырларды, әртүрлі қалдықтарды лақтыратын осы.

    • Сенің лақтырған шыныларың мен қалбырларың суға шомылған қаншама баланың аяғын кесіп кетті.

    • Енді оларды қалай жазалаймыз? Балалар әртүрлі жаза түрлерін айтады. Мысалы, оларды қараңғы бөлмеге қамап қою туралы.

Олар қорқып, кешірім сұрайды, енді бұзақылық жасамайтындықтарын айтады.

    • Жоқ, біз оларды бұлай жібере салмаймыз.

    • Олар тіпті амандасуды да білмейді. Ондай балаларға біздің арамызда жол жоқ. Кәне, қолдарыңдағыны мына шелекке тастаңдар. Олар қолдарындағы заттарды шелекке тастайды.

    • Балалар, олар қателіктерін мойындап тұр, ондай қатал болмай-ақ қояйық. Онан да табиғатта өзін дұрыс ұстау ережелерімен таныстырайық.

Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Балалар кезекпен өздері білгенінше ережелерді айтады, педагог толықтырып отырады.

  • Табиғатта көргеніңді есіңе сақтауға тырыс.

  • Соқпақ жолмен ғана жүр.

  • Ағаш бұталарын сындырма.

  • Гүлдерді, шөпті жұлма.

  • Гүлшоғын адамдар өсірген гүлдерден құрастыр.

  • Табиғатта шулама, музыканы қатты қойма.

  • Құстардың ұясына жақындама. Сенің ізіңмен барып жыртқыш аңдар ұяны тауып алуы мүмкін.

  • Жәндіктерді аулама.

  • Оттың шоғын қалдырма.

  • Құмырсқаның илеуін бұзба.

Педагог балалардың әрбір айтқан ережесін түсіндіріп отыруларын сұрайды. Қажет жерінде түзетулер енгізіп отырады.
Үшеуі: «Көп рақмет, балалар! Сендер кішкентай болсаңдар да көп нәрсе біледі екенсіңдер.
Сендерден талай нәрсе үйрендік. Енді ондай бұзақылық жасамаймыз. Сендермен дос боламыз» – дейді. Содан соң үшеуі қоштасып шығып кетеді.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу. Тапсырмаларды орындайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет