Сонымен өсімдік жақсы өсу үшін, оны күту керек екен. Егер адамдар өсімдікке дұрыс қамқорлық жасайтын болса, ол біздің жерімізді сәнге бөлейді. Сендердің үйлеріңде бақша бар. Ол жерде түрлі өсімдіктер өседі.
Сол өсімдіктердің өсуін үнемі бақылап жүріңдер. Балалар өз пікірлерін айтады.
№9 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері.
Мақсаты: табиғат аясында өзін дұрыс ұстай алу; табиғатқа зиян келтірмеу.
Міндеттері:
Табиғатта өзін дұрыс ұстау ережелерін білу, оны орындау.
Табиғат, оның байлығын қорғау, күту туралы түсініктерін кеңейту.
Табиғатқа деген қамқорлықтарын, сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: табиғатта өзін дұрыс ұстау ережесін түсіндіре алады; түсінеді: табиғаттың пайдасын, оны қорғау, күту керек екендігін; қолданады: табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды, оны қорғауды.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, мойнына қалбырларды тізіп алған, қоқыс салатын үлкен қалтасы бар шалбар киген
Сулайлағыш, мойнына ысқырық іліп алған Ысқырғыш, қолына ашатаяқ ұстаған Ұябұзғыш костюмдері, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: қорғау, күту.
Полилингвалды компонент: ауа – воздух – air, самал жел – легкий ветерок – light wind.
Достарыңызбен бөлісу: |