Мәншүк МәметоваАлматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанады.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Алматы, Орал т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» атты көркем фильм түсірілді.
Әлия Молдағұлова– майдандағы алғашқы әскери наградасы – Даңқ орденін 1943 жылы Псков облысындағы Холм қаласы үшін болған ұрыстарда алған. Ал 1944 жылдың 14 қаңтарында Казачиха селосы үшін болған ұрыста опат болған командирдің орнын басып,
жауынгерлерді шабуылға бастаған Әлия сол шайқаста өзі де ерлікпен қаза тапқан. 1944
жылы маусымда үкімет қаулысымен Әлия Молдағұловаға «Кеңес Одағының батыры» атағы берілген.
Сергіту сәті: Бір, екі, үш
Бойға жинап күш! Отан қорғау жолында Сен де алға түс!
Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Жеке жұмыс жүргізу.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.