Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет31/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021

ҰОҚ барысы:


    1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады. «Ел қорғауға әзірміз» әнін орындау.


Балалар дөңгелене тұрып, әнді орындайды.
    1. Негізгі кезең.


Педагог Ш. Мәмбетовтің «Бейбіт өмір солдаты» өлеңін оқиды.

Самолеті – қанаты Сүйсініңдер, қараңдар. Бейбіт өмір әскері – Менің ұшқыш ағам бар! От жалындай қайраты Сүйсініңдер, қараңдар! Бейбіт өмір әскері – Менің танкист ағам бар! Жауды ықтырар айбаты Сүйсініңдер, қараңдар. Бейбіт өмір әскері –


Ер теңізші ағам бар!

Балалар педагогтің сұрағына жауап беріп, өлең жолдарын талдайды.



    • Өлеңде не туралы айтылған?

    • Бейбіт өмір әскері туралы айтылған.

    • Қандай әскер түрлерін білесіңдер?

    • Ұшқыш, танкист, теңізші ағалар бар.

Полилингвалды компонент: әскери – военный – military, ұшқыш – летчик – pilot, теңізші – моряк – sailor , жаяу әскер – пехота – infantry.

    • Балалар, біздің бүгінгі әңгімеміз әскери мамандықтар туралы болмақ.

Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Тақтаға әртүрлі әскери киімдердегі адамдар бейнеленген суреттер ілінеді. Балалар суретке қарап, қайсысы ұшқыш, қайсысы танкист, қайсысы теңізші, қайсысы жаяу әскер-шегарашы екенін ажыратып айтады.

    • Ұлы Отан соғысы кезінде біздің көптеген әскери сарбаздарымыз ерлікпен шайқасып, неміс фашистерінен елімізді қорғап қалды. Майданда талай батыр аталарымыз бен апаларымыз өздерінің ержүректілігімен көзге түсіп, батыр атанды. Соғыс өрті тұтанбас үшін, біздің елімізді, жерімізді қорғайтын күшті, айбынды әскер керек. Сендер еліміздің болашақ сарбаздарысыңдар.

    • Сендердің әскерде қызмет етіп жатқан туысқандарың бар ма?

Балалар әскердегі ағалары, әскери қызметтегі туысқандары (әкелері, аналары) жайлы әңгімелейді.
Танкист, ұшқыш, шегарашы, теңізшілердің суреттерін көрсетіп, олардың немен айналысатындарын түсіндіру.
Әскери кемелерде қызмет ететін адамдар «әскери теңізшілер» деп аталады. Олар Отанымызды теңіз кеңістіктері арқылы қорғайды. Әскери кеменің басшысын капитан деп атайды.
Отанымызды әуе кеңістіктерінде қорғайтын адамдарды «әскери ұшқыштар» деп атайды.
Әскери ұшақты ұшқыштар экипажы басқарады. Әскери ұшқыш мамандығын алу үшін ұшқыштар академиясына түсіп, білім алу қажет.
Танкті басқаратын адамды «танк командирі» деп атайды. Танкистер экипажы бірнеше әскери адамдардан тұрады. Олар Отанымызды құрлықта қорғайды.
Басқа елдермен шектесіп жатқан еліміздің шегарасын ержүрек «шегарашылар» қорғайды.
Олардың басты міндеті – елімізге қастық ойлайтын арам пиғылдағы адамдардан
Отанымызды қорғау. Шегарашылардың өте жақсы көмекшілері бар. Олар – ізшіл, иісшіл иттер.
«Жерде, әуеде, суда» ойыны.
Шарты: жерде, әуеде, суда қызмет ететін сарбаздардың және шегара бағаны, танк т.б. суреттері көрсетіледі.
Педагог «Жерде» деп танкистің суретін көрсетеді. Осы кезде балалар аяқтарымен
адымдайды. «Әуеде» деп ұшқыштың суретін көрсеткенде, қолдарын жан-жаққа жайып, ұшқан сияқты болады.
Педагог Қадыр Мырза Әлидің «Тоғызыншы мамыр» өлеңін оқиды.

Алақай-ау! Әйгілі


Тоғызыншы май бүгін! Алғаш күні шаттықтың Соңғы күні қайғының! Ұлы күшке сенген күн Фашистерді жеңген күн. Қырмызы гүл, қызыл гүл Құшақтарға енген күн!

Балалар өлең жолдарын тыңдап, педагогтің сұрақтарына жауап береді.



    • Өлеңде не туралы айтылған?

    • 9 мамыр – Жеңіс күні туралы айтылған.

    • Көптеген жылдар бұрын Кеңестер Одағы деген үлкен ел болды. Қазақстан Республикасы Кеңес Одағының құрамында болды. 1941 жылы неміс фашистері Кеңестер Одағына шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы басталды. Фашистер бүкіл әлемді жаулап

алғылары келді. Бірақ елін, жерін жаудан қорғаймыз деп бүкіл Кеңестер Одағының ержүрек ұл-қыздары қару-жарақ алып, қарсы тұрды. Соғысқа Кеңестер Одағының барлық ұлт өкілдері қатысты. Оның ішінде біздің Қазақстаннан шыққан батырлар өте көп. Қазақтың батырларының бірі – Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған жазушы – Бауыржан Момышұлы. (Демонстрациялық материалдағы суреттерді көрсету).

    • Кеңестер Одағының тағы бір батыры – Рақымжан Қошқарбаев Берлинді алу кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Отанымызды қорғаймыз деп барлық адамдар бір кісідей жұмылып, жауға қарсы тұрды, сондықтан Ұлы Отан соғысы деп аталады. Балалар өздері білетін батырларды атайды. Бауыржан Момышұлы – Мәскеуді қорғаған, батальон командирі, қайтпас қайсарлығымен, батырлығымен көзінің тірісінде аты аңызға айналған даңқты қолбасшы. Соғыстан кейінгі жылдары әскер бөлімінде қызмет атқарды. Елордамыздың 10 жылдық мерейтойында Астананың төрінде 16 метрлік алып ескерткіш Бауыржан Момышұлы құрметіне орнатылды.

    • Суретте тағы кімдер бейнеленген?

    • Кеңестер Одағының батырлары, қазақ қыздары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова бейнеленген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет