Сабақ 10 сынып дайындап өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Боранбаев Ж. А



Дата15.09.2017
өлшемі207,28 Kb.
Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицей-мектебі

ҚАЗАҚ ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ





10 СЫНЫП

Дайындап өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Боранбаев Ж.А.



Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаев атындағы ғаламшар
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың лексикалық білімдерін шыңдай отырып, олардың ғалым туралы білімдерін жетілдіру. Грамматикалық білімдерін ұштау.

2. Дамытушылық. Оқушылардың сөздік қорларын байыту. Ауызекі сөйлеу мүмкіндіктерін дамыту. Сөйлем құрау қабілеттерін арттыру. Өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын шыңдау

3. Тәрбиелік. Оқушыларды туған еліміздің ғалымдарын білуге, оларды мақтан етуге үйрету. Ғылым мен білімге деген құштарлықтарын арттыру
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын қазақ тілінде еркін айтуға үйренеді.

Қаныш Сәтбаев туралы қосымша мағлұматтар үйреніп, есте сақтайды.


Сабақтың түрі: білімді тиянақтау сабағы

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог, көрнекілік;
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ребус, сөзжұмбақ, нақыл сөздер, тақта, оқулық, ноутбук;

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих, физика;
Сабақтың эпиграфы: Ғылым – теңіз, білім - қайық
Сабақтың өткізілу барысы: І-кезең: Ұйымдастыру Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу

а) Кезекшілер мәліметі: Бүгін сыныпта кім кезекші?

Бүгін сыныпта кім жоқ?

Бүгін нешесі? Қай күн?

Үйге қандай тапсырма берілді?



ә) Психологиялық ахуал туғызу: Оқулықты ашайық, тақтаға назар салайық.

Үй жұмысын тексеріп, сабағымызды

бастайық

б) Үй жұмысын тексеру: 1. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы туралы не білеміз?

2. Тірек сызба арқылы Қаныш Сәтбаев туралы



білімдерін көрсету

в) Өткенді қайталау: Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, жанасу,

матасу, қабысу)



Жаңа тақырыпқа көшу: «Ғаламшар» деген ребус шешу. (немесе адасқан әріптер арқылы сабақтың тақырыбын ашу)

Ғ , (қалам суреті) (шар суреті)
ІІ-кезең: Жаңа сабақ: Қаныш Сәтбаев атындағы ғаламшар


  1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

  2. Мәтіндегі жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізу

Меңгерілетін сөздер:

ғаламшар

планета

ұсыныс

предложение

есімін беру

дать имя (назвать)

қолдап бекітті

поддержали, утвердили

қарайтын

при (относится)

ашқан еді

открыл

күнді айнала

вокруг солнца

қозғалады

двигается

көлемі

обьем

шағын

не большой

ІІІ кезең: Ауызша және жазбаша жаттығулар орындау.

Жазбаша: 1) Тақтаға төрт оқушы шығып, арнайы кестені толтырады. Ол кесте жалғау түрлеріне байланысты. Мәтіннен көптік, септік, жіктік, тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып жазу және талдау.

Үлгі:

Көптік жалғаулы сөздер

Септік жалғаулы сөздер

Жіктік жалғаулы сөздер

Тәуелдік жалғаулы сөздер

















































2) Карточкалармен жұмыс (жеке-жеке)

Үш оқушы карточка бойынша жазбаша тапсырмалады тақтада орындайды.



Ауызша: «Таза тақта»

  1. Қаныш Сәтбаев кім?

  2. Жаңа ғаламшарды кім ашты?

  3. Ғаламшар қалай қозғалады?

  4. Ғаламшардың түсі қандай?

  5. Аспан денесінің көлемі қандай?

Cергіту сәті: Қазақ тілі мәртебем, әрқашан мақтан етем.

Қазынасын халқымның, әрдайым құрмет етем.

Қазақ тілдің қыр-сырын, өздеріңе үйретем,

Қуантарлық жауапты өздеріңнен мен күтем.

Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз.

Қазақ тілін үйреніп, қазақша сөйлейміз.

Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,

Келешекте әлі біз биікке жетеміз.


Жаңа сөздермен қосымша жұмыс (билеттік жүйе бойынша)


Ғ

А

Л

А

М

Ш

А

Р



ІV кезең: Сабақты бекіту – Закреплени урока

«Ғаламшар» деген сөзжұмбақ шешу.

  1. Қаныш Сәтбаев кім? (ғалым)

  2. Ол қай ауданда туған?

  3. «Великий» сөзінің қазақша баламасын ата. (ұлы)

  4. Ұлы Отан соғысы жылдарында не тапшы болды? (марганец)

  5. Бұл ғаламшарды АҚШ-тың қай қаласындағы ғаламшар орталығы бекітті? «Кембридж)

  6. «Километр» сөзінің қазақ тіліндегі баламасын ата. (шақырым)

  7. «Ұсынысты» деген сөз қай септікте тұр? (табыс)

  8. Ғаламшардың түсі қандай? (қара)


V кезең: Сабақты қорыту:
1. Рефлексия: Оқушылар, сендерге сабақ ұнады ма?

Біз бүгін сабақта не өттік? Не істедік? Не үйрендік? Нені көкейге түйдік?




  1. Үйге тапсырма беру.

  1. Жаңа сөздерді жаттап алу және 5 сөйлем құрап келу.

  2. 58 бет, 6 тапсырма. (сөздерді мағынасы бойынша сәйкестендіру)

  3. Оқушыларды бағалау.




1

Ботвинкин Артем

4

2

Журба Роман

4

3

Скрипоченко Иван

3

4

Ошанова Диана

5

5

Кусаинова Ләззат

4

6

Жанатаева Айя

4

7







8







Каталог: uploads -> doc -> 12b4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12b4 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Қазақ халқының қалыптасуы тарауын қайталау
12b4 -> Сабақтардың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу