Педагог балаларды ортаға жинайды. «Шаңсорғыш» ойыны. Жүргізуші сайланады. Ол –
Мына суретке назар аударыңдар.
Бүкіл әлем ішіне сияр Аты оның – ...
Педагогтің әңгімесі:
Тұрмыстық техникалардың шығу тарихы бар. Бүгінгі күні адамзаттың техникаға арқа сүйегені сондай, онсыз өмір сүруді ұмытып қалғандай. Сыпырғыш орнын ауыстырған шаң сорғыш үй тазалауды жеңілдетсе, кір жуатын, ыдыс
жуатын мәшинелер адамдардың
уақытын үнемдейді. Мұздатқыш, үтік, қысқа толқынды пештің де көмегі аз емес, сондықтан да олар әркімнің-ақ үйінде кездеседі.
Сендер үйлеріңде тұрмыстық техника қолданасыңдар ма? Балалардың әңгімесін тыңдау.
Тұрмыстық техниканы қауіпсіздік шараларын қолданбай пайдалануға болмайды. Педагогтің әңгімесі:
Айжанның анасы демалыс күні үйдің ішін жинастырмақшы болды. Айжан анасына
көмектесіп жүрді. Анасы оған кішкене ыдысқа су құйып берді, қолына шүберек ұстатты. Айжан ... (Балаларға Айжанның одан арғы іс-әрекетін өздері айтуды ұсынады).
Анасы шаңсорғышты алып шықты. Айжан шаңсорғышты өзі іске қоспақшы болды. Оған анасы рұқсат етпеді. Ол қызына былай деді: ...
Анасы Айжанға не үшін шаңсорғышты іске қосуға рұқсат бермеді?
Айжан шүберекпен шаң сүртті. Айжанға анасы былай деді:
Қызым, шаңсорғыш электр тогымен жұмыс істейді. Сенің қолың су. Сулы қолмен үтік, шаңсорғыш сияқты заттарды электр желісіне қосуға болмайды.
Педагог суретті көрсетеді.
Суретте электр желісін су қолмен ұстап жатқан көрініс бейнеленген.
Ешқашан су қолмен электр жүйесіне жақындауға болмайды! Өйткені су электр тогын өте жақсы өткізеді.
«Көп ойла, сөз ойла» ойыны. Балалар екі топқа бөлінеді.
Бірінші топ үй жиһаздарын атайды.
Екінші топ тұрмыстық техника заттарын атайды. Қай топ көп сөз айтса, сол топ жеңімпаз атанады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып-жұмамыз. Одан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз.
Иықты артқа ысырып, Басты төмен саламыз. Жаттығу жасап осылай, Үлкен боп ертең шығамыз!
Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.