Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет25/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

2. Негізгі кезең. 
Педагог балаларға жақындарына
арнап ашықхат жасаудың 
жолдарын түсіндіреді. Өздері таңдап алған қағаздарды ортасынан 
қос бүктеп, оны саусақпен бастырып, сындырып алуды ұсынады. 
Бүктелген тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелектерді алдын ала 
дайындап, қиылған әртүрлі өрнектермен әшекейлейді. Оны жолақ 
қағаздармен безендіруге болады. Өрнектердің түстерін балалар 
өздерінің қалауы бойынша таңдайды және өздігінен дербес 
әшекейлейді. 
Безендіру реті: 


30 
-
қиылған дайын пішіндердің ішінен қандай пішінмен безендіргісі 
келетінін таңдайды, дөңгелек, сопақша дөңгелек, үшбұрыш, 
төртбұрыш т.б.; 
-
ою-өрнектердің дайын қиылған түрлерін де беруге болады; 
-
пішіндердің түстерін өздері таңдаған түспен сәйкестендіре алады 
немесе өзгешелерін таңдайды; 
-
ашықхаттың бетіне алдымен орналастырып алады, содан кейін 
ғана желімдейді; 
-жіңішке жолақ қағаздар қиып алады, оны ашықхатқа желімдейді. 
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша ашықхат – открытка, сыйлық – подарок сөздерін 
қайталап, бекітеді. 
Сергіту сәті.
Бейнетаспадағы музыка әуенімен бірге қимыл-қозғалыс жасайды. 
Балалар қағаздарды бүктейді, ою-өрнектерді таңдайды, жіңішке 
жолақтар қиып алады, оны ашықхаттың бүктелген түп жағына 
тігінен жапсырады. 
3. Рефлексия.
Педагог балалардың жасаған ашықхаттарын қарап көріп, әдемі 
жасалғандарын мадақтайды. Кейбіреулеріне жақсырақ жасау 
мақсатында кеңес береді. Әр бала өзінің ашықхатын көрсетіп, қалай 
безендіргенін айтып береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет