Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет37/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

Ойын «Не жетпейді?»
Педагог балаларға жиһаздың бір бөлшегі жетпейтін суреттерді 
көрсетеді. Олардың жетіспейтін бөлшегін балалар толықтырып 
орналастырады. 
- Балалар, неліктен бұл жиһаздар сынып қалды? 
- Жиһазды қалай күту керек? 
-Жиһазды сындыруға, бүлдіруге бол ма?
Сергіту сәті.
Үшбұрыштар жасайық, (ауада қос қолмен үшбұрышты бейнелеу), 
Төртбұрыштар жасайық, (ауада төртбұрыш салады), 
Жоғарыдан бір сызық, (солдан оңға қарай сызық сызу), 
Төменгіден бір сызық, (төменнен тағы сызық сызу), 


39 
Бұрыштарын қосқанда, (жоғарғы сызық пен төменгіні қосады), 
Өрнек шықты сызылып. (қос қолмен сыртқы сызықты бір жүргізіп 
өтеді). (Ф.Ниязбекқызы) 
Осындай ою-өрнектермен жиһаздарды да әшекейлеуге болады, 
келесі жолы біз бұл ою-өрнектермен безендіруді де үйренетін 
боламыз. Балалар өз еріктерімен өздеріне ұнаған жиһазды 
құрастырады, оны шағын топтарға біріге отырып орналастырады. 
Құрылыс материалдарынан жиһаз құрастыруда оны кеңістікте қалай 
қою керек, қалай орналастыру қажеттілігін естеріне түсіреді, 
құрылыстың беріктігіне, сапасына және орналасуына мән береді. 
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша «жиһаз – мебель, үстел – стол, орындық – стул, кереует – 
кровать» сөздерін қайталап, бекітеді. 
3. Рефлексия.
Педагог ұжымдық жұмыстарды балалармен бірге талдау жасайды, 
жиһаздардың жасалу сапасына қарай мадақталып, қорытынды 
жасалады. Қай топтың жиһаздары әдемі болғанын бірлесе отырып 
таңдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет