(Ұ) Тіл ұстарту жаттығуы. Түрлі екпінде анық және дұрыс айт.
Са-са-са – Ұшып келді маса.
Қа-қа-қа – Көлшікте отыр бақа (қатты, сыбырлап айтады).
(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Ертегінің соңын өзің құрастырып әңгімеле. Сахналау. Педагог балаларға қуыршақ театрын көрсетуді ұсынады.
Педагог сандықтың ішін ашып қарайды.
– Мына кереметті қараңдар! Сандықтың ішінде көп жұлдызшалар бар екен.
Жұлдызшаларды алып көрсетеді. Тәрбиеленушілерге бір-бір жұлдызшадан таңдап алуды ұсынады.
Тәрбиеленушілер жұлдызшадағы ертегі кейіпкерлерінің суретіне қарап рөлдерге бөлінеді.