Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Алматыкітап баспасы 2016



бет57/115
Дата06.02.2022
өлшемі185,92 Kb.
#51824
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115
Байланысты:
Драма-әдістемелік

III. Тақырып бойынша жұмыс 6-27 минут

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Суретте қандай театр түрі бейнеленген?
Бұл театрдың ерекшелігі неде?
Суреттегі қуыршақтар қалай өнер көрсетеді деп ойлайсың?
(Ұ) Көрмеге саяхат жасау.
Алдын ала дайындалған көрмеге барады. Көрмеде бірнеше театр түрлерін көрсетеді, олармен таныстырады. Өздері білетін ертегі кейіпкерлері туралы әңгімелеседі.
Жаттығу-ойын: «Менің көңіл күйім». Таңданады (қолын екі жаққа жаяды).
Ренжиді (қолдарын кеудесіне айқастыра қойып, ау- зын бұртитады).
Қорқады (көздерін бақырайтады).
Қуанады (алақайлап қолдарын жоғары көтереді).
Күтпеген жерден алыстан, Досым келді сағынған (қуанады).
Ол маған абданды алып келді (таңданады). Арыстанның баласы – абдан
Інімнің бармағын тістеді (жылау). Енді қайда қоямыз
Арыстанның баласын? (Қорқу). Досым інімді жұбатты:
«Жылағаның ұят-ты. Кәне, босқа жыламай,
Көңілденші, балақай!» (Қуану).
– Қараңдаршы, сандықтың ішінде тағы бір сыйлық бар екен.
Педагог сандықтың ішінен қуыршақ театрын алып көрсетеді. Қуыршақ театрымен таныстырады.
Бұл – қуыршақтарды жандандыру арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақтарға актердің қолында жан бітіп, сөйлейді. Қуыршақты
сөйлетумен қойылымның мазмұны ашыла қоймайды. Көрерменге ұғынықты, әсерлі болу үшін әуен мен ырғақтың да үйлесімді болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет