(Ұ) Педагог «Кішкентай маса» ертегісімен таныс- тырады (Қосымшаны қараңыз).
Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Кішкентай маса қалай мақтанды?
Маса тышқанды не үшін тістеп алды?
Тышқан нелерге жолықты?
Арыстанды кім қорқытты?
Ең батыр кім болып шықты?
(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Суретте ертегінің қай сәті бейнеленген? Кейіпкер не айтты?
(Т, Ж) Топқа бөлу, тапсырма беру.
1-тапсырма. Педагог ертегі кейіпкерін атайды, тәрбиеленушілер оның жүріс-тұрысын, қимылын, дауысын салады. Топта талқылайды.
2-тапсырма. «Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойы- ны. Педагог ертегінің кез келген жерінен үзінді айта- ды, топтан бір бала шығып жалғастырады.
|
Әліппе дәптер
Ойын
Сандық
Киілмелі қуыршақтар
Әліппе-дәптер
|
Достарыңызбен бөлісу: |