бидай – пшеница – wheat
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: каумалап, алқымға алып, найза.
Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:
Пікір алмасу сұрақтары.
Театр басқа өнер түрлерінен несімен ерекшеленеді? Саған ертегідегі қай кейіпкерді сомдаған ұнайды?
Өткен
сабақтардан алған білім
|
Ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айту. Кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіру. Театр түрлері, олардың ерекшеліктері.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
|
(Ұ) Педагог тәрбиеленушілерді шаттық шеңберіне жинай- ды. Бір-бірімен сәлемдесуді ұсынады. Тәрбиеленушілер кезекпен ортаға шығып, сәлемдеседі. Сәлемдескен балаға бұрылып қарап, қол соғады. Бала сөзді мақұлдағандай
|
|
|
болып, басын жай ғана изейді.
|
|
|
– Бүгін бізді Айсұлу мен Қуаныш «Театр әлемі»
|
|
|
байқауына шақырды. Ол үшін бізге дайындалу керек.
|
|
|
– Актёрдің дауыс ырғағы қандай болу керек?
|
|
|
Жаттығу жасайық.
|
|
II. Өмірлік
|
(Ұ) Тіл ұстарту жаттығуы:
|
|
тәжірибені
|
Бала балараны қуалады,
|
Жаттығулар
|
маңыздандыру.
|
Балара баланы қуалады.
|
|
Мақсатты
|
(Қатты, сыбырлап айтады).
|
|
болжам.
|
– Актёрлер тек қана дауыс ырғағын келтіріп қоймайды.
|
|
3-5 минут
|
Ым-ишара арқылы кейіпкерлердің образын бейнелейді.
|
|
|
– Бүгін сендермен актёр болуды үйренуді жалғастырамыз.
|
|
|
Сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңді
|
|
|
қозғалту арқылы бейнелейсіңдер.
|
|
|
1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін
|
|
|
көрсетіңдер.
|
|
|
2. Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты
|
|
|
немесе ұядан құлап түскен балапан сияқты, иттен
|
|
|
қорыққан бала сияқты.
|
|
|
3. Жылап тұрған баланы көрсету.
|
|
|
4. Күлімсіреп тұрған адамды және қатты күліп тұрған
|
|
|
адамды көрсету.
|
|
|
5. Өлең айтып тұрған адамды көрсету.
|
|
Сабақтың ортасы
III. Тақырып бойынша жұмыс 6-27 минут
|
(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Актёрлік шеберлік дегеніміз не? Мәнерлі сөйлеу деген не?
2-тапсырма. Өзіңе таныс ертегіні тап. Кейіпкерлерді ата, оларға сипаттама бер. Олардың бейнесін ым-ишарамен көрсет.
Педагог «Ақ бидай» ертегісін ұсынады. Ертегі желісі бойынша салынған суреттерді көрсете отырып мазмұнын баяндайды (Қосымшаны қараңыз).
Ертегі сендерге ұнады ма?
Қандай кейіпкерлермен таныстық?
Ақ бидайдың жағдайы неге нашарлады?
Оның өсуіне не кедергі болды?
Ақ бидайға кім көмектесті?
Ертегі бізді неге үйретеді?
(Ұ) Музыкалық жаттығу.
Музыка әуенімен балалар түрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтағанда бастарын иеді.
(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.
(Т, Ж) Суреттерге қарап, бидайдың көңіл күйін ым-ишара арқылы көрсет.
ойын: «Көңіл күйі» (ым-ишара, дауыс ырғағы арқылы көрсету).
Қуаңшылық болғанда ақ бидай қалай қысылды? (Жылау.)
Кедергі жасаған өсімдіктерге қалай ренжіді? (Ренжу.)
Адамға мұңын қалай жеткізді? (Мұңаю.)
Адам көмектескенде қалай қуанды? (Қуану.)
(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Бидайға көмекке келген кейіпкердің суретін сал. Сахналау. Педагог ертегіні сахналауды ұсынады. Педагог сиқырлы қорапшаны көрсетеді. Қорапшаның ішінен жұлдызшалар таңдап алуды ұсынады.
Тәрбиеленушілер алған жұлдызшадағы суреттерге қарап рөлдерге бөлінеді.
Қалған балалар – көрермендер.
|
Әліппе-дәптер, қарындаштар, түрлі түсті бояулар
Музыка әуені, Полька, вальс, марш, қазақ биінің қимылдары («Қамажай», «Қара жорға»)
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер Сиқырлы қорапша, сахнаның безендірілуі, билеттер, хабарлан- дыру, күннің макеті, атрибуттар, киімдер
|
IV. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут
|
(Ө, Қ) Қуаныш пен Айсұлу тәрбиеленушілерге өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсынады.
Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бо- яйды.
Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін
бояйды.
|
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
|
Қосымша ақпарат
|
Жіктеу – тәрбиеленушілерге көмектесуді қалай жоспарладыңыз? Қабілеттірек балаларға қандай тапсырмалар беруді ойластырдыңыз?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |