(Ұ) Тәрбиеленушілермен ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсу.
ойын-жаттығу: «Өз көңіл күйіңді көрсет». Мына сұлу әлемде
Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге Күн сәулесін төгеді.
Балалар, сендердің көңіл күйлерің қалай?
Олай болса, көңілді болғанда не істейсіңдер?
(Қол шапалақтау).
Ренжігенде (қабақтүю).
Таңғалғанда (көздерінбақырайту).
Қуанғанда (күлу).
Ендеше, біз бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Айсұлу тәрбиеленушілерден мақал-мәтелдің мағынасын сұрайды.
Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.
Тәрбиеленушілер өз ойларын білдіреді.
Жайлы әуен
көңіл күй
орнату.
0-2 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты
болжам.
3-5 минут
Сабақтың
(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс 1-тапсырма. Суреттегі қай баланың іс-әрекеті ұнады? Неге? Әңгімеле.
Біз нанды қадірлейміз және дәмін білеміз. Басқа тамақтардың дәмі қандай болады?
(Ұ) 2-тапсырма. Суреттегі тамақтарды жегенде бет-әлпетің қандай болатынын ым-ишарамен көрсет.
Мимикалық жаттығу: беттің бұлшық етіне массаж.
Қышқыл тамақ жегенде. (3-4 рет)
Тәтті тамақ жегенде. (3-4 рет)
Ыстық тамақ жегенде. (4-5 рет)
Ащы тамақ жегенде. (4-5 рет) Көптілділік:
адам – человек – people нан – хлеб – bread
Нан туралы қандай ертегі білесіңдер?
«Нан қайдан шығады?» ертегісін оқып беру. (Қосымшаны қараңыз.)
Сол ертегідегі тышқанның дауысын салып көрейік.
(Ж) 3-тапсырма. Тышқанның дауысын салу.
Тышқан нанды көрген кезде не деді? Қалай айтты?
Тәрбиеленушілер берілген сұрақтар бойынша дауыс ырғағына салып айтады. (Ұ) 4-тапсырма. Ертегіге қатысты суреттерді белгіле. Сахналау. Ертегіні сахналау үшін рөлдерге бөлінуіміз керек. Сол үшін бізге Айсұлу өзімен бірге қолсандық алып келіпті. Ол сандықтың ішінде тәрбиеленушілер санына сәйкес карточ- калар болады. Ертегі кейіпкерлері бар карточканы алған тәрбиеленушілер рөлдерге бөлінеді.Суреті жоқ бос карточканы алған тәрбиеленушілер көрермен болады.
Сахнадағы жұмыс тәртібін еске түсіру: Актёр ойын кезінде залдағы көрермендер назарын өзіне аударады. Актёрдің сөз шеберлігі қандай болу керек? Өзіңді тыңдату үшін сөзіңді
Әліппе-дәптер
ортасы
III. Тақырып
бойынша
жұмыс
6-27 минут
қалай жеткізуің керек? Көрерменді басқаша қалай атауға болады? (Халайық.)
(Ұ) Театрландырылған көрініс: «Нан дастарқанға қалай келеді?» (Қосымшаны қараңыз.)
(Ұ) Интонациямен жұмыс: Өлең жолдарын Айсұлумен бірге қайтала.
Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар.