(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суреттерді қара. Қалай ойлайсың, суреттегі қай бала туған күнге барады? Не үшін олай ойладың?
2-тапсырма. Туған күнге бару үшін алдымен не тура- лы ойлайсыңдар?
Туған күн иесіне қандай сыйлық апаруға болады? Айсұлуға қандай сыйлық апаратындарын ойласты- рады.
Топта талқылайды.
Туған күнге қандай сыйлық апарғың келеді, сол заттың суретін сал.
Қонаққа барғанда өзіңді қалай ұстайсың?
Туған күн мерекесін қалай өткізуге болады, онда не істейсіңдер?
Педагог балаларға тілек айтқанда дауыс ырғағын анық, дұрыс айту қажеттігін естеріне салады. (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.
«Туған күніңмен құттықтаймын!» сөзін түрлі екпінде айт. Қалай айтқан дұрыс деп ойлайсың? Сыйлықты қалай ұсынасың? Көңіл күйіңді бейнелеп көрсет.
ойын-жаттығу: «Әртүрлі бейнеге ауысу» Алдымен ойын жүргізушіні таңдайды. Жүргізуші теріс қарап тұрады. «Әртүрлі бейнеге ауыс, қалмағын қалыс. Бір, екі, үш!» – деп айтқанда тәрбиеленушілер түрлі бейне жасап қатып қалады. Жүргізуші тәрбиеленушілерді қозғалту үшін әртүрлі қимылдар жасайды.
(Ұ) ойын: «Фотосуретші»
Топтан бір тәрбиеленуші фотосуретші болып сай- ланады. Қалғандары қуану, ренжу, таңғалу, аяныш білдіру сияқты эмоцияны көрсетіп суретке түседі. (Ұ) Музыкалық жаттығу:
Балалар музыка әуенінің ырғағына қарай би қимылдарын жасайды (баяу, көңілді).
Достарыңызбен бөлісу: |