(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Мақалмен таныстыру. Мағынасын түсіндіру. Ағаш тамырымен мықты,
Адам досымен мықты.
Әліппе-дәптер
6-27 минут
(Ұ) ойын: «Достасу»
Шарты: Тәрбиеленушілер шеңбер бойына жіпті ұстап тұрады. Жіпті орау арқылы кезекпен бір-біріне ұсынады. Жіп алған бала досына тілек айтып, келесі балаға береді. Ойын жіп
оралып біткенше жалғасады.
(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Суреттегі кейіпкерлер қандай дыбыс шығарады? Солардың дыбысын салып, қимылын бейнелеп көрсет.
Достық туралы қандай ертегі білесің?
«Достық» ертегісін ұсынады.
Педагог ертегіні суреттер көрсетіп баяндайды (Қосымшаны қараңыз).
Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ата.
Құмырсқа мен балара неге жағымды кейіпкер деп ойлайсың?
Құмырсқа қара шыбын мен шегірткеден қандай көмек сұрады?
Балара оларға не деді?
Қара шыбын мен шегірткенің іс-әрекеттері дұрыс па?
Сен досыңа қандай көмек берер едің?
Педагог ертегідегі кейіпкерлерінің қиын оқиға кезінде бір-біріне көмекке келгенін айтады.