Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет168/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Менің бір таныс қыздарыммен пəтер жалдайды, – деп 
жауап  бере  қойды.  Ана  кісі  енді  маған  бұрылып  ұза-а-а-қ, 
тесіле қарады. Мен ұялғанымнан денем қызып, жерге кі ріп 
кете сақтадым. Мен түгіл Тұрсынай да қысылып барады ар-
сыздау қараған туысынан. Мен енді болмаса қашып шы ға-
йын деп тұрғанда барып:
– Тастап кет, бірдеңе етермін, – деді, мені бір сатуға бер-
ген тауар сияқты қарап. 
– Жұмыс тауып бересіз бе? – деп нақтылап сұрады Тұр-
сынай, мен туралы мойнына міндеттеме алған адамдай да-
уыспен.
– Ертең таңертең келсін. Қарастырамын. Сен үйіңе қай та-
тын шығарсың?
–  Иə,  қайтам  ғой,  балаларды  көршіге  қалдырып  келдім, 
осы қыз үшін, – деді Тұрсынай. Мен жəй ғана бір та ны сым-
ның осынша адамгершілігіне риза болғаным сондай, осыдан 
жұ мыс қа  алса  ұятқа  қалдырмайтындай  істермін  деп  ойлап 
та қойдым. 
– Ал, жақсы. Оралға сəлем айт. Сен ертең кел қа рын да-
сым, – деді  ағамыз. «Орал», – дегені  Тұрсынайдың  күйеуі 
екен.  Асханадан  шыққаннан  Тұрсынай  менің  туған  апам 
сияқ ты маған біраз қалада жүріп-тұрғанды үйреткенше аял-
да ма ға  жеттік.  Автобусқа  міндік. «Қайда  барамыз?», – деп 
сұрауға ұялдым, өзімнің баратын жерім жоқ, қайда апарса да 
маған бəрібір еді. Бір кезде барып:
–  Қазір  менің  кенже  сіңлімнің  пəтеріне  барамыз,  осын-
да  техникумда  оқиды.  Соның  жанында  тұра  тұрып  ке йі ні-
рек ақша тапқан соң өзің пəтер жалдайсың, – деп мені қала 
шетіндегі жатаған бір үйге əкелді. «Пəтер жалдау» де ген ді 
ұға мын ба, əйтеуір еріп келемін, далада қалмайтын бол ға ны-
ма қуанып.
«Толғанай»  екен  Тұрсынайдың  сіңлісінің  аты.  Ол  да 
апайы сияқты ақкөңіл болып шықты. Төбесі аласа бөл ме де 
үш төсек, бір үстел, қабырғаға ілінген кітап салғыш сө ре лер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет