Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет170/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Құжаттарың бар ма? – деді көзін төңкеріп, мені кісі деп 
тұрған жоқ.
– Жеке куəлік, аттестат...
– Еңбек кітапшаң ше?
– Əлі жұмыс істеп көрмедім...
– Марат Жангалич, еңбек кітапшасын ашамыз ба? – деп 
еркелей қарады.
–  Нені  болса  да  алдымен  бізден  көрсін,  бетін  біз  аша-
йық, – деп еді, əлгі сылқым:
– Сіз де айтқышсыз-ай, – деп, сылқ-сылқ күліп, бөк се сін 
былқылдатып шығып кетті.
–  Осымен  бар,  жұмысың  басталды, – деді  маған  асхана 
басшысы. Мыналардың сөз саптасы, қылықтары бірден ұна-
ма ды, ұнамағанда қайтпекпін, басқа амалым жоқ. 
«Дəмелі»  деген  аспаз  болып  шықты.  Өзі  сондай  ақ жар-
қын адам. Мені нұсқап:
– Жақсы болды ғой, маған көмекші келді, – деп əркімге 
айтып  күні  бойы  қуанды,  тап  бір  туысын  тауып  алғандай. 
Картоп,  пияз  аршып,  көкөністерді  турасып,  кетерде  қа зан-
дық тар  мен  пештерді  жуысып  жүрдім.  Жұмыс  орнымнан 
бас қа жаққа бармаймын, кеште тура үйге тартамын. Жарты 
айдай істеп жүргенімде сыртта Марат Жангалиевичке кез де-
сіп қалдым.
–  Сұлу  қыз,  қалың  қалай,  көрінбейсің  ғой? – деді  көзі 
жымсиып.
– Жақсы, жұмыстамын.
– Жұмысың ұнай ма?
– Жаман емес, – деппін масқара болғанда.
– Жұмыстың жаманы бола ма, «есектің артын жу да мал 
тап» деген. Үйреніп алсаң кейін Дəмелі сияқты аспаз бо ла-
сың. Бірақ ондай болу үшін, сондай дəу қатын болу керек. 
Сен шырпыдай екенсің, – деп білегімнен ұстай алғаны. Ыр-
шып түстім. 


Сәуле Досжан
187
– Ойбай, асауын қара! – деп ырсылдап күлді. Үндемей тө-
мен қарап тұрмын. Сөйтіп тұрғанда Шолпан келіп қал ға ны:
–  Марат  Жангалич,  жас  қыздарды  айналдырып  тұрсыз 
ба? – деп көзін төңкеріп қылымси күлді. 
– Жас қыздардың білегі сенікіндей қайдан болсын, шыр-
пы сияқты, – деп оны құшақтай алды. Анау былқ-сылқ етті 
де қалды, көзін қиылдырып: 
– Жүрегі де біздікіндей е-м-е-е-с, – деп əндетті.
Марат анандай сылқым əйел тұрғанда мені қайтсін, ұмы-
тып,  əукесі  салбырап  соның  соңынан  кетіп  бара  жатқанда 
мен аялдамаға қарай қаша жөнелдім. Жүрегім тарсылдаған 
қал пым да тоқтап тұрған автобусқа міндім. Біразға дейін қор-
қып, əрең басылдым.
Бір  күні  асханадағылар: «Бізге  Марат  Жангалич  келеді 
екен», – деп  абыр  да  сабыр  бола  қалды.  Бəріміз  ая ғы мыз-
дан тозып, зырлап жүрміз. Ыдыс-аяқ түгілі қабырғаға дейін 
қы рып жудық. Бір бөлмеге дастарқан жайылды. Оның үстін 
Дə ме лі мен бұрын көрмеген дəмдермен толтырды. Ол Ке ңес 
ода ғы ның  заманы  ғой,  басшы  біткен  жүз  грамдатып  жү ре-
тін. Сон дық тан үстел шетіне арақ-шараптың да мен біл мей-
тін түр ле рі самсатып қойылды. Бөксесі былқылдап Шолпан 
ке мін де  бес  рет  келіп  үстелдің  қалай  жасалғанын  тексеріп 
кетті. 
Бастық бейне асхананы тексеруге емес, той дас тар қа ны-
на отыруға келетіндей. Халық аяғы саябырсыған сəтте кеш-
ке  қарай  асханаға  бастығымыз  келді-ау.  Алдымен  қа сын да 
Шолпан  бастаған  үш-төрт  адамы  бар  басекең  ас ха на ның 
залынан  бастап,  барлық  бөлмелерін  шарлап  шықты.  Біз дің 
«кухня», – деп  аталатын  бөлімімізге  де  келді.  Топты  адам 
есік тен  кіргенде  мен  бірдеңе  жуып  жатқанмын,  басымды 
кө те ріп амандастым. Бастығына жағынып жүрген топ мені 
қайт сын,  менсінбей  қарап  өтіп  бара  жатыр  еді,  бастық  өзі 
қай та бұрылып қарап:


188


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет