Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет173/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Дəмелінің  жанында  жанға  көрінбеуге  тырысып  жұ мы-
сым ды істеп жүре бердім. Бір жолы үйге – əкем мен бауыр-
ларыма барып та келдім. 
Айлығымды  жинап  інілеріме  «Романтик»  деген  маг-
нитофон  апарып  бердім.  Жеңіл-желпі  киімдер  де  алдым. 
Олар  дың қуанғанын көрсеңіз ғой. Əкем де мені айналып-
тол ға на береді, сағынып қалыпты. Үйдің жағдайын айтпай-
ақ қоя йын. Əйелдің қолы тимеген кір киімдер, ыдыс-аяқтар 
баттасып  кетіпті.  Балалар  мен  əкемнің  үсті  сауыс-сауыс. 
Есік  тен  кіргеннен  екі  күн  кеткенше  тек  жуып-тазалаумен 
болдым. 
Көптен  сорпа-сусын  ішпеген  балалардың  іші  қатып  қа-
лып ты.  Мені  айналып  шықпайды.  Олардың  жағдайын  кө-
ріп əрең кері қайттым. Жұмысқа келгенде сырымды Дəмелі 
апайға айтып едім,
– Əй балам-ай, əйелсіз үй – үй ме, əкеңе үйлен демейсің 
бе, сен ерте ме, кеш пе күйеуге тиіп кетесің, сонда ана ба ла-
қан дар қайтеді, – деп ой салды. Келесі бар барғанда əке ме 
сол ойды айтып кетті. Менің сөзімді тыңдап отырған əкем:
– Маған мамаң өлгелі бері туыстар үйлен деп келеді, жақ-
сы  əйел  келсе  жақсы,  қайырымсыз  біреу  келсе  қайтеміз?! 
Осы  бостандыққа  жете  алмай  қаламыз  ғой.  Жарайды,  сен 
айт қан соң ойланайын, – деп қалды.
2
Жаңа жыл жақындаған сайын біздің асханадағылар кеш 
өткізуге əзірлене бастады. Ортаға айлығымыздан ақша жи-
на дық. Əйелдер жағы көйлек сатып алып əуре. Тіпті еш те-
ңе ге елп етпейтін Дəмелі:
–  Гүлжан  мен  кеше  демалыста  орталық  универмагтан 
көйлек сатып алдым. Шолпан айтты Мəкеңнен бастап бə рі-
міз бірге ресторанда жаңа жылды қарсы алады екенбіз, – деп 
желігіп жүрді. 


Сәуле Досжан
191
Мен де жұрттан қалмай Толғанаймен ақылдасып өмі рім-
де гі ең алғашқы сəнді көйлегімді алдым. «Соғыс жəне бей-
бітшілік»  деген  кітаптағы  тұңғыш  балға  баратын  Наташа 
Рос то ва ға сияқты əзірліктемін. Кешке баратын күні шашым-
ды бөлмедегі қыздар бұйралап, сəндеп берді.
Өмірімдегі алғашқы жаңа жыл кешіне Дəмеліге еріп кел-
дім. 
Өзім қатарлы жұмыста дос қызым да жоқ еді. Досым да, 
сырласым да, қамқорым да – қырықтағы Дəмелі апайым.
Ресторан дегенді кім көрген, есіктен кіргеннен жан-жағы 
айналы  залға  кіріп  келгенде  көзім  шағылысып  кетті.  Сырт 
киімімізді  шешіп  дастарқан  жасалған  залға  өтерде  Дəмелі 
маған қарап:
–  Гүлжан  күнде  жанымда  жүргенде  байқамаппын,  сен 
сондай сүйкімді қыз екенсің ғой, айнаға қарашы, – деді. 
Өзім  де  тура  қарауға  ұялып,  көз  қиығымды  салып  тұр-
ған мын. Енді екеуміз бір-біріміздің үстімізді жөндеп мəз біз. 
Мен де апайдың көйлегін мақтап қойдым. Сөйтіп тұр ған да 
жұрт көбейе бастады. Олар беттеріне маска киіп алыпты. Бір 
кезде үлде мен бүлдеге оранып, əлем-жəлем боянып Шолпан 
келді. Жігіттер жабылып сырт киімін шешіп қызмет жасап, 
жағынып жатыр. Біз шеттеу тұрғанбыз. Сонда да мені бай-
қап қалды, құдды күндесімдей:
– Ба, Золушка, сен де келдің бе, Дəмелі, сен өгей ше ше ден 
аумайсың! – деп бізді мұқатып үлкен залға өтіп кетті. 
– Өзі дəу сары асқабаққа ұқсайды, – деп менің жасып қал-
ға ным ды байқаған Дəмелі күлдірді. 
Бəрімізді үлкен залға шақырды. Онда ортаға үлкен шыр-
шаны жасандырып қойыпты. Маңайы атшаптырым бос, биге 
қалдырса керек. Бір жағында ұзын үстел тағамнан ма йы сып 
тұр. Музыканы бар дауысымен айқайлатып қойған. 
Жұрт  түгел  жиналғанда  бар  жақсыны  киіп,  көзіне  қара 
көз ілдірік  тағып,  жанына  шабармандарын  ерткен  Марат 
Жан ға ли ұлы кірді. 


192


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет