Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет182/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Залда зыр жүгіріп қызмет жасап жүріп, жалғыз танысым – 
Марат  Жангалиевичті  де  көріп  қалдым.  Ол  да  мені  бай қап 
амандасқан  белгі  беріп,  көзін  қысып  үлгерді.  Жү ре гім  дір 
етіп,  қорқып  кеттім.  Есіме  жаңа  жыл  кешінде  құ ла ғым ды 
күйдіре сөйлеп, əзіл айтқаны түсіп кетті. Тағы бірдеңе деп 
жүрер деген оймен аулақтау жүргенмін. Бір кезде біреу ша-
шымнан тартып қалды, жалт қарадым. Марат Жангалиевич! 
Көре сап кухня жаққа қашып бара жатыр едім, 
– Гуля! Бер кел, қашпа! – деді. Қолыма ұстаған ыдысым-
ды жанымдағы үстелге қоя салып жанына жақындадым.
– Қалайсың?
– Жақсы.
–  Жақсы  деген  жақсы  екен.  Банкеттен  кейін  менің  бөл-
ме ме шағын дастарқан жаясыңдар, оны Елена Алек сеев на ға 
ескерткенмін. Сен қызмет көрсетесің, – деп тапсырма берді. 
Мерекелік кешке келген əйелдер билеп жатқанда зал мең-
ге ру ші сі – Елена Алексеевна маған: «Екеуміз Марат Жан га-
лие вич тің адамдарын күтеміз», – деп жоғарғы қа бат та ғы бір 
бөлмеге алып келді. 
Үлкен бөлме, ортада дастарқан жайлыған үстел. Жа нын-
да  жұмсақ  диван  мен  креслолар.  Қабырғада  ыдысқойғыш, 
ішінде небір əсем ыдыстар тізіліп көз тартады. Арғы жа ғын-
да ашық есіктен жатын бөлме көрініп тұр. Шəйі мен жі бек-
тен қабаттап тіккен терезе перделердің əдемілігі-ай, ме бель-
де рі мен өмірімде көрмеген кереметтер. Жатын төсекке жап-
қан жапқышы да пердесі сияқты шəйі мен жібек ара лас қан, 
төгіліп  тұр.  Жерде  қып-қызыл  гүлдер  төгілген  қалы  кі лем. 
Аузым ашылып қарап тұр едім, Елена Алексеевна:
–  Гуля.  Осылай  тұрасың  ба  таңқалып,  уақыт  аз,  іске  кі-
ріс, – деді. 
Өзі үлкен қораптан үстелге тағамдар шығара бастады. 
– Сен сервировка жаса! – деді. Өзінің қолы-қолына жұқ-
пай ды,  біздің  асханада  маңғазданып,  байпаңдай  басып  жү-
ре тін  зал  меңгерушісінің  мына  жылдамдығына  да  таңмын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет