Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет183/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
203
Əп-сəтте  жаңағы  үлкен  столы  тағам  мен  əсем  ыдыстарға 
толтырып, бір шетіне небір керемет шишалардағы сусындар 
мен ішімдіктерді тіздік. 
Бір кезде бұл бөлмеге басшылар болуы керек маңғаз ер-
кектер мен көркем əйелдер кіре бастады. Біз қызмет көр се-
тіп, есіктің екі жағында тұрмыз. Бес еркек, төрт əйел болды. 
Тамақтың  небір  түрі  желініп,  ішімдіктің  небір  түрі  іші ліп 
жатты.  Шəй  де  тартылды.  Мен  төменгі  залдағыдай  емес, 
ашылып, жылдам қимылдай бастадым. 
Қонақтар  қызып  алып,  дабырлап,  əйелдер  сылқылдай 
күл ді. Аналар қосақталып жанындағы əйелдермен əзілдесе 
бастады, Марат Жангалиевич оларға құрмет көрсетіп, қыз-
мет жасап отырды. 
Маған  бұрылып  қарап, «Гуля  ананы  əкел.  Мынаны 
бүйт», – деп  жылы  дауыспен  жұмсап  қояды.  Қонақтар  сол 
екеу міз дің үйімізге келгендей. 
Менің қызметіме риза болған зал меңгерушісі үстел үс-
тін жинап жатқанда:
– Өзімізге барған соң сені залға даяшылыққа ша қыр тып 
алам, – деп мені қуантып қойды.
Түннің бір уағында:
– Сіздерге бүгін демалып қайтуға бөлмелер əзірлеп қой-
дық, – деп бастығымыз қонақтарын шығарып салып жатты. 
Байқағаным, қонақтар, екі-екіден көрші бөлмелерге кі ріп 
бара  жатты.  Біз  дастарқанды  жинастыра  бастадық.  Марат 
Жангалиевич  түпкі  бөлмеге  кіріп  кетіп  есігін  жауып  алды. 
Елена  Алексеевна  бəрін  жиыстырып  болғаннан  кейін,  сол 
бөлменің есігін тырсылдатып: 
– Марат Жангалиевич, біз болдық, кетуге рұқсат па? – деп 
дыбыстады. Арғы жағынан жұмсақ халат киген бас ты ғы мыз 
шыға келді:
– Лена, сендер қайда демалатындарыңды ойластырып па 
едіңдер?


204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет