Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет271/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Үлкен үйдегі үрей
– Апам, қашан келеді? – деп қана сұрады, бала жүрегі сол 
бөпенің өздеріне келмейтінін сезгендей. 
Жарияның  таңға  жуық  толғағы  басталып,  түске  жа қын 
босанды. Айғаным бірге «толғатып», бірге босанғандай бол-
ды. Ол да шешініп креслода жатыр.
–  Мен  білетін  «құрсақ  аналардың»  бəрінің  балаларын 
қар нын  жарып  алатын,  менің  қызым  табиғи  жолмен  туыл-
ды, – деп мəз болды, өзі толғатып туғандай.
Бақырып жарық дүниеге келген шарананы бо сан дыр ған 
акушер кіндігін кесті де, көрші креслода жатқан Ай ға ным-
ның жалаңаш кеудесіне тастай салды. 
Жарияның жүрегі сол сəтте солқ ете түскендей болды! 
Сол сəттен бастап тоғыз ай жүрегінің түбінде жатқан ша-
ранасы басқа жүректің тұсына барып етбеттеп жата кетті. 
Көкбақа сияқты тыпырлап, іңгəлəп бақырып жатыр...
Содан қайтып Жария перзентін көрмеді...
Ертесіне Жария мен Айғаным жатқан палатаға халат жа-
мыл ған екі еркек кірді. Жария біреуін суреттен көрген еді, 
тани кетті – Жақсыбек.
–  Жария  сіз  бізге  үлкен  бақыт  сыйладыңыз,  рақмет! – 
деді, төсегіне жақындап келіп қолын алды. 
Екінші еркек нотариус екен. Ол баланың туу туралы куə-
лі гін  толтырды.  Əкесі – Жақсыбек.  Анасы – Айғаным  деп 
жазылды. 
Бас  дəрігер  мен  қосшылары  ерлі-зайыптыны  тұң ғыш та-
ры мен құттықтап жатты. 
Жарияның ешбір қатысы жоқтай. Ешкім оған көңіл де ау-
дармады. Баланы емізуге де əкелмеді. Шара келіп:
– Жария кеудеңді тастай етіп таңып таста, сүт түспесін, – 
деп «дəрігерлік кеңес» берді.
Жария көзінің жасы мөлтілдеп тұрып кеудесін тастай етіп 
таңып алды. Сол сəттен бастап тоғыз ай көтерген пер зен ті не 
де көңілі тастай болып қатып бара жатты...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет