Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет270/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Үлкен үйдегі үрей
ған адамның қызы. «Бай байға, сай сайға құяды» деген осы. 
Екеуі  қосылғалы  он  бес  жылдан  бері  қаралмаған  дəрігері, 
бар ма ған балшысы қалмапты. Ажырасып, екеуі екі бақыт із-
деу ге бірін-бірі қимайды. «Жақсыбекке бала тауып беретін 
əйел ал», – деп қанша айттым, «Маған сенен басқа əйелдің 
де, өмірдің де керегі жоқ», – деп көнбейді. Екі рет «құрсақ 
ана»  болуға  келіскен  жас  қыздарды  айтып  едім, «Ауылдан 
шық қан, манерасы нашар», – деп қашты. Сен жайлы айт қан-
нан əйтеуір ықыласы түсті ғой», – деп сырын ақтарып алды 
біраз.
Жақсыбек  Жария  ойлағандай  Мақсұтқа  ұқсамайтын  бо-
лып шықты. Мінезін қайдам, өзі ірі, əрі түрі суық, сол тү рі-
не  қарамай  ауылды  менсінбейді.  Мақсұт  деген  денесі  қан-
дай нəзік көрінсе, жаны да сондай нəзік. Аузын ашсаң жү-
ре гі көрінетін ақкөңіл жан. Қашан көрсең өз өміріне өзі мəз, 
алақандай екі көзіне мейірім толып жүреді. 
Жария  қарындашпен  Айғанымның  керемет  портретін 
жа сап сыйлады. Онда Айғанымды нəрестесін күтіп жүрген 
екі қа бат ана ретінде бейнелеген. Үстінде кең пішілген шəйі 
көй ле гі бар көркем келіншек қолына нəресте киетін жүннен 
то қы ған  кішкентай  аяқ  киімін  ұстап  терезеге  жақындап 
сырт қа қарап тұр. Əйнектері үлкен, доғалдау терезенің арғы 
жа ғын да ақ қанат періште ұшып келе жатқандай елес береді. 
Айғаным жүзінде нұр толқып, соған ұмтыла қалған. Қы ры-
нан  тұрғандықтан  ананың  құрсағындағы  перзенті  көй ле гін 
керіп сыртқа ұмтылатындай...
– Жария, жаным-ау, мынау мен бе? Сен көрмесең де біз-
дің жатын бөлменің терезесін қалай салғансың? – деп қай-
ран қалды.
– Өткендегі суреттерден байқап қалдым...
–  Сенің  мынандай  талантың  бары  қандай  жақсы,  менің 
қы зы ма сол жұғысты болса екен, – деп жақындап келіп əдет-
те гі дей Жарияның қарнындағы баласын сипады.


Сәуле Досжан
299
– Менің қызыма екіқабат жүрген кезім! – деп толқып су-
ретке қайта-қайта қарай берді қолына алып. 
–  Жария  мен  екіқабат  болсам,  осындай  сұлу  болар  ма 
едім? – деп сұрады.
– Айғаным, сіз мен білетін ең сұлу əйелсіз Қазақ стан да-
ғы! – деді Жария.
– Мен мұны үйге апарып əйнекке салып, ілгізіп қоя мын, 
Жақсыбекке мақтанамын, – деп баладай қуанып кетті.
Біреуді қуантқан қандай жақсы, енесі «Балам жақ сы лық 
жаса, жамандықтың іздеушісі көп болады. Жақ сы лық ты айт-
па ға ны мен есіне алып жүреді», – дейтін енесі. 
 
9
Іші үлкейіп бара жатқан соң, жаңалығын ұлына айтты.
– Апа, менің інім бола ма! – деп Дəрменнің қуан ға нын-
ай, – Жақсы болды ғой, Алмат пен Санат сияқты бірге жү ре-
міз, – деп шешесін құшақтай алды.
Оның  мына  қуанышын  көріп  Жарияның  ұялғанын-ай! 
«Ойбай, мына баланы аналар əкеткенде не бетімді айтам», – 
деп есі шықты. Өз бетімен осы шешімге келгенде күйеуі тү-
гі лі,  тырнақтай  баласының  алдында  да  жауапкершілігі  ба-
рын ойламағаны ма?!». 
– Балам, бұл жайында екеуміздің құпиямыз болсын, əзір-
ге ешкімге айтпайық. Əжеңе де, Арайға да айтпай тұра тұ ра-
йық. Əкең біледі. Үшеуміз ғана біле тұрайық, – деді ұлына. 
– Неге бөпеміз болатынын Арай білмейді? – дейді Дəр-
мен таңырқап. 
Перзентханаға  Шара  тəтесі  шешесін  алып  бара  жат қан-
ша таңырқап жүрген бала сол таңырқаған қалпында қо лын 
бұлғап  қала  берді.  Жүрегінің  түпкірінде  «апам  маған  бөпе 
алып келеді», – деген үміт болды.
Кешке қарай Шара тəтесі келгенде:


300


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет