Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет52/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
57
келгенше  күтетін  болып,  үйден  шықпауға  келісті.  Күндіз 
Тө ре гел ді  жұмысқа  кеткенде  Хадишаны  айналдырды. «ба-
йың келгенше мен «барымды» жиып-теріп алайын. Сен кө-
мек тес.  Менімен  кетпесең – кетпе,  бірақ  баланы  бер.  Сен 
əлі жассың, əлі көп бала табасың. Тауфиықты əкетсем, сені 
мазаламаймын. Саған көп алтын-күміс берем, əйтпесе жыл 
са йын баламды көру үшін келіп тұрам. Ол сенің кəмөнес ба-
йы ңа жақпайды. Мен кеткен соң сені сабайды», – деп қор-
қыт ты. Қайда барса Қорқыттың көрі. «Өкімет» байы «Сені 
ма ған тигенің үшін саудагер шалың өлтіреді» дейді. «Жирен 
шалы» «Мен  қайта-қайта  келіп  баламды,  дүниемді  даулай 
берсем  күйеуің  сабайды», – дейді.  Əбден  басы  қатты.  Əй-
те уір бір өлім болса қайда барса көретіні, өліп-ақ қалса ма 
екен? Онда Таупан мен Заманбегінің күні не болмақ. Өстіп 
неше  түрлі  ойға  кетіп  жүрген  «баяғы  тоқалының»  жанына 
Арслан келді. Келді де сыбырлап:
–  Басқаларға  көрінбей  бір  қапшық  алып  отын  қораға 
жүр, – деді.
«Отын қора» – деп аталғанымен зəулім қос қабатты үй-
дің астынан жартылай жер бетіне терезелері шығып тұ ра тын 
қосымша  қабаттағы  үлкен-үлкен  бірнеше  бөлме  еді.  Үй дің 
астыңғы қабатымен есептегенде, үй-үш қабат болады сонда. 
Баяғыда үлкен Ақметовтың барында ол қабаттың жартысы – 
асхана еді. Ыстық тағамдар сонда пісірілетін. Бір бөл ме сін де 
соғым мен ет жөнделеді. Оның қабырғалары ашықтау, тере-
зесі жеңілдеу – мұзхана іспетті. Асханадан екінші қа бат та-
ғы қонақ бөлмеге көтерілетін баспалдақ бар. Отын ха на ның 
ішкі есігі – бөлмеге ашылады да, тағы бір есігі сыртқа қа рай 
ашылады. Содан жазда кесіп даярлаған ағаш отын мен кө мір 
тасылады. Ал, көмірхана сыртқа жасалған.
Арслан əйелді ертіп ішкі есікпен кірді. Бөлме толған ке-
сіл ген  қарағай  мен  қайың.  Тақтайлап  жиып,  құдды  көрпе 
жи ған дай реттеп қойған. Оның бəрі Ерметтің тірлігі, қыс тай 
сол отынды жағу, мұржаларды тазалап отыру соның мін де-


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет