Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет50/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
тар Қазанның баспасынан шыққан екен. Шынымен, «жирен 
шал» жіберген екен деп қалды аңқау басы.
Бүгінде онын атын естісе қорқады. Себебі, күйеуі «енді 
татар байың келсе маған тиіп алғаның үшін өлтіреді» – дей-
тін. Баяғыдай сағынбайды да, сол бір «ханым» болған күн-
де рін  есіне  алмауға  тырысады.  Бар  алданышы – Заман бе гі 
мен кітап оқу болып жүрді. Төрегелді өкіметтің жұ мы сы нан 
босамай ой мен қырға шапқылап жүргенде тағы бір қыс өтті. 
Дүр бе лең саябырсығандай болды. 
* * *
Қазақ жеріндегі аздаған тыныштықты Қазанда жатып ес-
тіп-біліп отырған Арслан қайткенде ұлын алып қайту үшін 
жолға жиналғанда:
– Арслан, жаным, мынандай сүйкімді қызың бар ғой. Тау-
фиық ты тағы біраз өскенше қоя тұршы. Қазақлар жақсы дей 
береді. Заман əлі тыныш емес. Бармаң… бармаң, – деп безіл-
деді Нұрия жолға жиналған күйеуіне.
Татар отбасына атажұртына оралу жақсылық болған еді. 
Он  жыл  бала  көтермеген  Нұриясы  жер  ауысқан  жақты  ма 
бала көтеріп, қыз туған. Содан баланың несібесі ме, Арс лан-
ның басына қайтадан бақ орала бастаған еді. Қазанның шет 
жа ғы нан үй сатып алып қайтадан саудаға кіріскен болатын. 
Жатса-тұрса Қарқаралыдағы үйдің астында жатқан əке сі нен 
қал ған алтын-күмістері де есіне түсіп, маза бер ме ді. Нұ рия-
сы қыз туған соң «Қыз шыққан жерде, ұл да шы ға ды, ақы-
рын күтейін», – деп жүрді де. Бірақ дүние деген пəле кө ке йін 
тесіп ұйықтатпады. Жазда Қазаннан келген бір танысы, «Ха-
диша баяғыда-ақ байға тиіп алған. Оған кəм пес ке болмады, 
кү йеуі мілисаның бастығы аудандағы» деп сен дір ді. Əке ден 
қал ған ақ үйге тоқалы біреуді кіргізіп алып ойран-асыр жа-
сап  жүргенін  ойласа-ақ  іші  оттай  жанатын.  Нұ рия  ның  ой-
байына  бой  бермей,  ажалы  шақырды  ма  Арслан  Қа зан нан 
қа зақ жеріне сапар алған еді... 


Сәуле Досжан
55
* * *
Үшеуінде де үн жоқ.
Үшеуінің ойы үш жақта.
Еңсені басқан, жанды жеген үнсіздік ұзаққа созылып ба-
рып бұзылды. Алдымен тілге əйел мен еркекті мысымен ба-
сып тұрған Арслан келді.
–  Иə,  Хадиша  жағдайың  қалай?  Тауфиық  қайда? – деді 
зілділеу үнмен.
–  Көкемнің  үйінде,  сонда  мектепте  оқып  жатыр, – деп 
əйел əрең даусын шығарды.
– Хадиша қонаққа дастарқан жайсаңшы, – деп еркек сөз-
ге араласты, «мен де бармын» дегендей, əрі қорқып тұр ған 
əйелін шеттетіп. Арслан анық «ал, сұрағыш болсаң, менен 
сұра», – деп тұрғанын ұқты да:
– Мен қонақ емес, осы үйдің иесімін, – деді.
–  Білеміз…  танып  тұрмыз,  елге  күн  туғанда  отбасыңды 
тастап қашып енді оралдың ба? – деп «мілисаның бас ты ғы» 
күш ала бастады.
– Менің не істеп, не қойғанымда шаруаң болмасын. Одан 
да баланы алып келіп маған тапсыруды ойлан, – деді Арс лан 
да ықпай.
– Баланы саған емес, сені қайда тапсыруды шешіп қой-
ғам баяғыда, саудагер. Осы тұрған қалпыңда айдап апарып 
аудандық түрмеге жабам, – деді тістеніп.
– Сенің айдауыңа жүретін мен саған Қарқаралының қа-
за ғы емеспін. Байқап сөйле, – деп бешпентінің сол жақ кеу-
десіне қолы барып қалды. Онда революцияның көзін көр ген 
ескі револьвер жатқан. Баяғыда жолға шықса-ақ төс қал та-
сы на салып жүретін серігі. Ол жанында жүрсе көңілі орнын-
да  болатын.  Мына  «өктем  күйеуге»  көздеп  жібере  сақ тап, 
сабырға келді. Төрегелді де ондайға ысылған əккі ғой, сезе 
қа лып өзінің наганынан алыстау отырғандығын еске алып:


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет