Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет54/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
59
жирен  шал  қақпақтарды  қайтадан  жауып,  отынды  орнына 
қай та тізді.
– Ал кеттік, – деді де өзі орта қаптан жоғары манағы бай-
лы ғын  арқалап  алды.  Хадиша  ештеңе  білмегендей,  ештеңе 
көр ме ген дей, лəм демей алдыға түсіп жол бастап келеді.
Арслан  баяғы  əкесінің  кітапханасына  кіріп  алып,  күні 
бойы кітап қарады, əйтеуір кешті батырды-ау. Қас-қарая Тө-
ре гел ді келді қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатып. Тек 
«қыр ға кетті» деген Ермет баласын кешіктіріп жатыр. «Ба-
ламды қазір əкелсе дəп қазір жолға шығып кетер едім» деп 
қоя ды іштей ойланып.
Бұл  кезде  Төрегелді  əйелін  жатын  бөлмеге  қамап  алып 
тергеуге алды. Күні-бойы не көргенін сұрады.
– Ішінде не барын білмеймін, əйтеуір қапшығы жартыдан 
жоғары болды, – деп əйелі бəрін жайып салды. Ха ди ша дан 
жағдайға қаныққан əккі мілиса ол қаптың тегін емес еке нін 
сезді де ойы бұзылды.
– Əй, мынау ел аңыз етіп айтатын саудагер əкесінің тық-
қан да рын алып кетіп барады. Осының біздің үйге келгенін 
көр ген пенде жоқ Ерметтен басқа. Оны да кеше «Кең далаға» 
жі бер гем, – деді.
– Таупанжанды əкелмей ме? – деп қалды ұлын са ғы нып 
жүрген анасы.
–  Қайдағы  бала  бұл  саудагерге.  Ертең  балаңды  апарып 
құл дық қа сатып жіберер. Одан да мұны сол əкесінің қаз ған 
кө рі не қайта өзін тығып тастайық. Кім біліп жатыр қаң ғы ған 
саудагерді.  Баяғыда  əкесі  қаңғып  келіп  кедейлерді  жеп  ба-
йып еді. Ана қапшықтағы сол сорлылардың көз жасы. Мұны 
өлтірсек – балаң да жаныңда қалады, – деп Хадишаның да 
жанды жерінен сипап қойды. Мына сөздерді естіген əйел дің 
қорыққанынан жүрегі аузына тығылды.
– Болмас… болмас… обал ғой, – дей берді.
– Несі обал. Сен бар жастығыңды осыған бердің. То қа лы 
болып томпылдап осы үйдің тірлігін істедің. Баласын ту дың, 


60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет