Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет56/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
61
еді. Төтеннен келген жауды да, өз үйінде келген ажалды да 
сезбей қалды. Қырынан жатып қалғып кеткенде қа ра құс тан 
тиген соққыдан «ыңқ» деді де жүре берді бұл дүниені тас-
тап... 
Татар  шалдың  дымы  шықпай,  қарсыласуға  шамасы  да 
келмей  қалғанына  қуанған  Төрегелді  енді  тез-тез  қимылға 
көш ті. Қанға бөккен дененің кеуде тұсын жастығымен қосып 
сейсеппен орап тастады. Дəлізге шығып жан-жағына қарап, 
жа рық ты  сөндіріп  келді  де  өлікті  арқалай  жөнелді. «Отын 
қо ра ға» дейін қандай дүлей күш көтергенін, бір дем алмай 
түс ті.  Денені  «отын  қораның»  түпкіріне  тастады  да,  қайта 
кө те рі ліп, пілте жағып кісі өлтірген жеріне қан тамбады ма 
деп тексерді. Тек төр көрпенің шеті былғаныпты. Оны орап 
құ шақ тап  алды  да  балалардың  бөлмесіне  келді.  Хадиша 
ұлын құшақтап үрей құшағында отыр екен. Жанатай ұйық-
тап қалыпты.
– Не, ұйықтамай жатыр ма? – деді алқынып.
– Жоқ, мана ұйықтап қалған…
– Енді немене, тыныш жатқан баланы жұлмалап, есің дұ-
рыс па? Бері кел, – деді.
– Қазір… қазір, – деген əйел ұлын қайтадан көрпенің іші-
не жатқызып, қымтап шықты. Дəлізде тұрған күйеуінің түрі 
қо лы на ұстап тұрған білте шамның жарығымен өрт сөн дір-
ген дей болып көрінді.
– Жүре бер, – деп баспалдаққа дейін келді де төмен түсе 
бастады.  Өзіне  шалын  өлтірткізетін  шығар  деп  қорыққан 
əйел.
– Төрем... мен... мен …қорқам... – деді дірілдеп.
– Бəрі бітті, мə мынаны ошаққа жағып жібер. «Отын қора» 
жақты  байқа,  артымнан  біреу  келіп  қалмасын.  Мен  ананы 
жайғастырам. Əлгі Шəлиғаның пысықсып тексеріп жү ре ті-
ні  бар  ғой. «Бұл  не  жарық?» деп  жетіп  келмесін, – деді  де 
ары қарай түсе жөнелді баспалдақпен. Шам жарығымен қан 
тамбап па деп қарап, қайта тексеріп келеді. Бағана келе сала 


62


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет