Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет6/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Үлкен үйдегі үрей
тау  ғып  арттырып  береді.  Мал  терісі  мен  жүніне  бақалшы 
неме қа зақ қа бірер кілə қант, жезден соққан жүзік, ине-түй-
ре уіш,  айна-тарақ,  опа-далап  ұсынады.  Жылтыраған  жез ді 
көр ген қа зақ малшысы «Алтын ғой мынау! Күнге жалт-жұлт 
етіп көз ді арбайды, бəтшағар», – деп таңданады. Тау ғып үй-
ген мал терісіне бірер түйреуіш, айна-тарақ алғанына мəз. 
Сол  бақалшы  саудагердің  бірі – Қарқаралы  өңіріне  «ақ-
ша мен самаурын қайнатқан» деген атақпен қалған Акметов 
деген  татар  еді. «Переселеннің»  соңынан  жалғыз-жалпы 
келген  татар  бес-он  жылда  салдырлаған  арбасын  ма лай ға 
айдатып,  қара  басы  пəуескемен  жүретін  көпеске  айналып 
шыға келді. 
Пəуескеден түскенін айтсайшы! 
Кеудесінде күміс түймелі жилет, ақ көйлегінің жағасы қа-
қай ған. 
Аяғында сақтиян сықырлауық етік.
Қолында алтын сапты асатаяқ. 
Басында қаражасыл масаты қалпақ. Еңіретіп қойған жи-
рен мұртын əлсін-əлсін ширатып қойып, «Əй, қазақлар, бес 
кілə қант пен үш кілə сабынға құнан өгіз!... Берсең – міне, 
бермесең – өз жөніңе», – деп қарап тұрғаны. Бара-бара ші-
ре ніп пəуескеден түспеуге айналады. Ортасында жақсы-жа-
қы байы  бар,  жалбағай  тонды  қазақтар  жік-жапар  болады. 
«Тү сі ңіз,  түстеніңіз,  сыбағаңыз  əзір», – деп  қол тық тап  тү-
сі ре ді. Акметов сықырлауық етігімен қаздаңдай басып бара 
жатып, «Қазақлар,  мені  бұдан  былай  «мырза», – деп  атаң-
лар» – дейді.  Қазақ  қашанда  лəббай  ғой, «Мырзаке,  мал-
жан ның амандығын сұрасып, қона жатып кетіңіз. Сіз түсіп 
шық қан үйдің көршілері тұз жаласын қыз ға ныш тан», – деп 
дауырығысады. «Қона  жатуға  уақытым  жоқ,  түс те нем  де 
шы ғам.  Ал  шын  тамыр  болғың  келсе – Қар қа ра лы дан  қа-
ра ғай дан  қидырып  үй  салып  жатырмын,  соның  кө рім ді гі-
не үйір жылқыңды байла», – деп кісімсиді татар-ба қал шы. 
Пе йі лі жомарт қазекем онымен достасуға ұмтылады. «Есі мі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет