Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет7/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Сәуле Досжан
9
Қар қа ра лы  дуанына  жайылған  Акметов  көпестің  тамыры, 
ауыз жаласқан досы», – деген сөздің өзі өміріне азық емес 
пе! Қыр қазақтарына қыр көрсетуге жетіп-артылмас па! 
Сол заманда Акметов көпес қазақтың жүн-жұрқасын жи-
нап, берісі Қазан, арысы Еуропа арттырып, араға делдал ұс-
тап, сұмдық байиды. Байығаны сонша – өзі семіздіктен пə-
уес ке ден түсе алмай қалады, ол жайында «ақшамен самауыр 
қай нат қан», – деген аңыз осы тұста тарайды. 
Қарқаралының  бас  көшесіне,  Қажы  ата  салдырған  ме-
шіт тің  қарсы  бетінен  дөңестің  үстіне  баласының  баласына 
мұ ра ға қалатындай етіп, қарағайдан қиған сегіз бөлмелі, қос 
қа бат ты, астында жертөлесі бар, жасыл шатырлы үй салды-
рады. Оның ұстасын Қазаннан алдырады. Əлгі ұстаның тілі 
тас  жаратын. «Талай  байбатшаға,  ханзадаға  ағаштан  қиып 
салған үйім үрім бұтағына кетеді... Жер теңселсе – тең сел-
мей тін,  ібір-сібірдің  боранына  сыр  бермейтін  үйімнің  сал-
танаты ерекше болады. Ағашын жалғыз жаңқауықтан тани-
мын. Ағашынан үйдің «өмірін» болжаймын...», – деп мақ та-
на тын қазақтарға.
Уақыт  өте  жасыл  мақпалдай  түрленген  Қар қа ра лы ның 
төріне көрген көзді қызықтыратын ағаш үй орнайды. Өткен-
кеткен жұрт ағаш бөрененің шайыр исіне елтиді. Бір-бі рі мен 
қиы лы сып  түскен  жігіне  тамсанады.  Ұста  кепкен  бө ре не ні 
бір-біріне қиыстырғанда екі араға, жапсарына жылқы қы лын 
салады  екен.  Бірер  тəулік  өте  əлгі  қылды  тартып  көр ген де 
қыл үзілсе – қуыс қалмағаны. Үзілмей шыға келсе – қуыс қал-
ға ны. Бөренені қайыра көтеріп, қиылысар жапсарын жонып 
қайта отырғызады. Сонда барып тартқан қыл үзі ліп шы ға ды. 
Қолы  алтын,  шебердің  аты – Айтуар  еді.  Салған  үйі нің 
ақы-пұлын алған шебер еліне қайтты. Алғашында «Айтуар 
сал ған үй» аталып жүрді де, заман өте ұстаның аты мүл дем 
ұм тыл ды. Төбе басында, жел өтінде жұмыртқадай үй қал ды. 
Қа зақ тар ол үйді – Акметовтың үйі деп атай бастады. Кө пес-
тің аты – Калимулла еді.


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет