Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет147/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
163
...Мазар аралап жүр екен. Жанында Меркүл бар. Бір ма-
зар дың  астын  қазып  жатыр,  сандық  шығыпты.  Қақпағын 
ашса, ішінде бала жатыр. Қуанып кетіп қолына көтеріп алса 
мы сық қа айналып қолынан секіріп түсіп қаша жөнеледі...
Кештеу оянды. Көзін ашып алып біраз жатты. Түсі тай-
ға таңба басқандай анық көкірегінде сайрап тұр. Есіне құм-
ше кер түсіп кетті, атып тұрып тəрелкеге қарады. Еш өзгеріс 
жоқ, беті түндегі тегістеген қалпында тұр. Терезеден сыртқа 
қа ра ды.  Қайраттың  үш  баласы  сыртта  жүр.  Бүгін  демалыс 
еке ні есіне түсті. Өзінің осынша көп ұйықтағанына қайран 
қал ды. Төсек-орнын жиыстырып жалғыз отырып шəй ішті. 
Терезеден көріп тұр, Шолпан тəтесі кір жайып жатыр, шол-
жаң қызы анасына жабысып бірдеңе айтып тұр. Көбей мен 
Мерей  тарсылдатып  бірнəрсені  бөлшектей  бастады,  біреуі 
ұс тап  тұр,  екіншісі  балғамен  соғып  жатыр.  Арғы  жағында 
Санаты бірдеңе тасып жатыр. «Ағай жұмыста шығар, кө рін-
бей ді. Марат қайтып келетін-ді бүгін», – деп ойлап сыртқа 
беттеді.
– Бұлбұл, сен үйде екенсің ғой, жақсы болды, отын қо ра-
ның кілтін таба алмай жатқанымыз, – деп Шолпан жа қын-
да ды. 
– Мен осы аптада жолға шықпаймын, апайым ауырып қа-
лып ты, Марат соған кетті. Өздеріңіз қалайсыздар? – деп көр-
ші сі не амандасты.
– Жақсымыз. Ағаң бүгін отын түсіртем, отынқораға бөл-
шек теп тасып алыңдар деп балаларға айтып кетіп еді, соны-
мен айналысып жатырмыз, – деді Шолпан.
– Кілт бізде болуы керек, өткенде Марат ашып жүрген, – 
деп үйге кіріп, босағада шегеде ілулі тұрған кілтті алып шы-
ғып берді. 
Кешке қарай Марат келді.
– Қалай оңашада апаң келді ма? – деп күлді. Бұлбұл де-
несі  əлденені  сезінгендей  болғанын,  бірақ  құмшекерде  еш 
өз ге ріс жоғын айтты да түсін жасырып қалды. 


164


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет