Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет155/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
171
екен.  Осында  бала-шағасымен  біраз  жыл  тұрған.  Кейіннен 
жал ғыз  ұлы  қалып  оның  өзі  кəмпескеге  ұшыраған  деп  ес-
титінбіз. Содан кейін бұл үй ұзақ жылдар Кеңес өкіметінің 
конторасы болыпты. Соғыстың алдында біраз жыл есік-те-
резесі жабық та тұрған. Сол кезде біреу келіп жаңағы сү йек ті 
ты ғып кетпесе. Мұнда алдымен Қайраттың көкесі Өсер Оқу 
Комиссары  болып  тұрғанда  көшіп  келіпті.  Одан  ке йін  мен 
ау дан ға  қызметке  тұрғанда  бізге  екінші  жағынан  есік  шы-
ға рып алыңдар деп берді. Онда адамдардың пейілі кең ғой, 
жетпейтін не бар екеуміз екі жағынан есік шығарып ал дық, 
содан бері елу жылдан асты Өсер екеуміздің ұр пақ та ры мыз-
дан басқа ешкім тұрған емес, отынқора екі үйге ортақ болып 
келеді, көмірді де бірге ақша шығарып түсіріп аламыз – деп 
бастады əңгімені Шалқарбай ақсақал.
– Осында жұмбақ өлімдер болған дейді, – деп өз ес ті ге нін 
Марат та айтып қалды.
– Иə, мен білгелі бұл үйден соғыс жылдары Өсер жан ның 
əйелі  Раушанның,  анасы  Əсиқаның,  менің  екі  ке лі нім нің, 
Қымбат деген сулулығымен аты өңірге жайылған не ме рем-
нің сүйегі шыққаны шындық. Имандары салауат болсын! – 
деп бетін сипады.
– Менің Ырысты деген үлкен қызым да ауырмай-сыр қа-
май кетті, – деп қосылды Қайрат «өлді» деуге аузы бармай, 
анасы Шолпанның əлі күнге қызын аңсай есіне алып жылап 
отыратынын ойлап. 
– Осы жұмаға соларға арнап шелпек салайық, – деп қоя-
ды Люба. 
Ертесіне жанына тағы үш-төрт қызыл жағалына ертіп ке-
шегі милицияның өкілі келді. Қайрат пен Маратты ілес ті ріп 
барып отынқораның есігін ашты. 
– Сандықты шығару керек! – деп бұйырды бастығы.
Екі жігіт темір сандықты ары-бері қозғап шығара алмады. 
–  Онда  қаңқаны  қапқа  салып  шығару  керек,  қолдарыңа 
қол ғап киіп алыңдар, – деді.


172


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет