Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет154/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
ріп, тат басқан темір қақпақ ақтарылып жатыр. Маңайында 
шашылып  жатқан  көрпенің  шіріген  маталары  мен  жүндер. 
Түп кір жағынан шұңқыр көрінді. Бəрі еңкейіп қарады. Оның 
іші нен  темір  сандық  көзге  шалынды.  Қайрат  секіріп  түсіп, 
сан дық тың қақпағын ашты. Бүктеліп жатқан адам қаңқасын 
көр ген көздер шошынып, еркектер бірауыздан «Біссіміллə!» 
деп үркісіп кетті. Тіпті Люба да «Ой, Алла-ай», – деп жібер-
ді. Милицияның өкілі:
– Адамның қаңқасы. Бірден тиіспеңіздер, алдымен ойла-
сып алайық. Мүмкін сүйекті зертханаға жіберіп анық та тар-
мыз, сіз сыртқа шығыңыз, – деп өз шаруасына кірісіп кетті. 
Қайрат шұңқырдан секіріп шықты.
– Біздер осы үйге көшіп келгелі бері бұл жерді отын қо ра 
деп бейсауат адам кірмейтін мұнда. Өмірбойы отын үзіл ме-
ген  соң  оның  астында  шұңқыр  барын,  онда  сандық  жат қа-
нын шортым біліп пе? – деді Үлкен Үйдің ең кəрі тұр ғы ны, 
тоқсанға келген Шалқарбай ақсақал. 
– Отынмен бізде тек еркектер айналысатын, – деп қоя ды 
Науат жүруге жарамай, үйден шықпай қалғалы бəйбіше бо-
лып əулетке билік жүргізіп алған Люба. 
– Мен ес білгелі мұның кілті біздің үйдегілерде болатын, 
оны алып сандыққа адам тығатындай ешкімге бере қой май-
тын быз, – деп Қайрат аң-таң.
–  Сіздер  енді  кілтке  жабыңыздар  есікті,  мен  сыртынан 
бел гі соғып, печать басамын, арнайы комиссия келмей бұл 
есік ті ашуға болмайды, – деп милиция өкілі салақтаған сөм-
ке сі нен қағаз, қалам шығарып жаза бастады.
–  Мұнда  балаларды  да  жібермеңіздер,  қағазды  жыртып 
тастамасын, – деп қояды.
Қайрат есікті жауып, кілтін милицияның өкіліне тапсыр-
ды.  Еркектер  топырлап  жоғарыдағы  Мараттың  үйіне  кө те-
ріл ді. 
–  Бұл  үй  «ақшамен  самауыр  қайнатқан  саудагер», – деп 
Қар қа ра лы үйезіне аты шыққан Акметовтың салдырған үйі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет