Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет156/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Сен көргеніңнің бəрін қағазға түсір, – деп бір жас мили-
цияны жазуға отырғызып қойды.
Марат  үйінен  Бұлбұлдың  сауда  жасағанда  киетін  қытай 
қол ға бы ның екеуін алып келді. Екі жігіт кендір қапқа қаң қа-
ны салып алмақ болып екі жағынан ұстап еді, қаңқа үгі ті ліп 
кетіп, бөлек-бөлек болып қалды. 
– Енді сүйектерді жинап салып алыңдар, – деді бастық.
Екі  жігіт  мүше-мүше  болып  қалған  сүйектерді  жинап 
шық ты. Бас сүйектегі көздің орны мен мұрынның орны үңі-
ре йіп,  жақтың  тістері  ақсиып  кəдімгі  мектепте  анотомия 
са ба ғын да  көрсететін  басқа  ұқсап-ақ  тұр.  Қабырғалар  бө-
лі ніп-бөлініп кетті. Жамбас сүйек ойығынан екіге опырыл-
ды. Қаптың түбінде ғана қалған сүйектерді жоғарыға берді. 
Ма ңа йын да  шіріп  кеткен  киімнің  қалдықтары  болды.  Оны 
бө лек қапқа салды. Сандықтың түбінен баяғы Арсланға сіл-
тенген айбалта шықты. Темірінің асылдығы сондай əлі тот 
баспапты  да.  Тек  ағаш  сабы  шіри  бастаған.  Оны  комиссия 
мү ше ле рі тегіс қолдан-қолға өткізіп қарап шықты. 
–  Осымен  өлтірген  де  сандықтың  түбіне  тастай  салған 
ғой, – деді бастық.
– Мынау революциядан бұрынғы қару ғой, – деді ересек-
теу милиция.
– Сонда бұл адамды революциядан бұрын өлтірген ғой, 
содан бері ешкім мұнда сандық барын білмеген бе? – деп та-
ңыр қа ды тағы біреуі.
– Біз елу жылдай тұрып келеміз, отынқорадан өмірі отын 
үзілмеген, ешкім түбіне қарамаған ғой, – деді Қайрат. 
– Міне тарихи оқиға! – дейді Марат. 
Айбалта  бөлек  қалтаға  салынды.  Сандықтың  түбінен 
тағы да өрнектері таттан көрінбей қалған екі құмыра шықты. 
Іші бос. Олар да бөлек қалтаға салынды. 
– Мынау не шашылып жатқан көрпелер ме? – деді бастық.
– Ол осы сандықтың ішінен шыққан, – деді Қайрат.
– Оны да қапқа салыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет