Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет152/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Қай рат тың бала-шағасы жабылып отын бұтап жатқан бола-
тын. Екі күн бойы бұтаған отынды енді қораға жиып алайық 
деп Қай рат отынқораға кіріп көреді. Үлкен үйдің астындағы 
жартылай жерді қазып жасалған қабаттағы бөлме. Онда жар-
ты ға сыр дан бері тек бұтарланған отын жиналып қойылады, 
со ғыс жылдары да сол дəстүр үзілмеген. Жыл сайын жазда 
қыс қы əзірлік жасалып, қыстан қалған отынның үстіне жаңа 
отын  жиналып  қойылатын.  Көмір  соған  жапсарлас  жарты-
лай бөл ме ге түсіріледі де шелекпен Үлкен үйдің жоғарғы қа-
бат та ғы пештеріне тасылатын.
Қайрат кіріп көріп еді, қыстан қалған азғантай отын тым 
шіріп кеткендей көрінді көзіне. Ол сыртта жүрген Маратты 
шақырды,
– Марат, мына отындарды алдымен жағып тастайық, тым 
шіріп  кетіпті.  Қашанғы  екенін  Құдай  біледі.  Бұған  дейін-
гілер  тек  үстіне  тастай  берген  ғой.  Сондықтан  бəрін  сырт-
қа шығарып, ішін тазалап, жаңа отындарды алдымен жинап 
алайық.  Мыналарды  бетіне  қоялық, – деп  ұсыныс  айтты. 
Көр ші сі ағасына не десін, келісе кетті. Екеулеп отындарды 
сырт қа  тасып  тастады.Түске  дейін  тасып  болып  қалғанда 
Шолпан түскі асқа шақырды. 
Тамақтанып келген екі еркек қайта келіп енді ішін таза-
лай  бастады.  Қатарлап  жиналған  отындардың  астына  киіз 
тө сел ген болып шықты.
–  Ой,  сол  кездің  адамдары-ай,  тіпті  отын  су  болмасын 
деп киіз төсеп тастайтын болған ғой, – деп Қайрат киіздің 
ше тін тартып қалып еді, əбден шіріп кеткен киіз іріп кетті. 
Енді екеуі іріп кеткен киізді зембілге салып сыртқа тасыды. 
Содан кейін барып ағаштың қоқымы мен киіздің қалдығын 
сыпыра бастады. Бір кезде ең түпкірдегі қоқымды сыпырып 
жат қан да қарайып бірдеңе көрінді. Қайрат еңкейіп ұстап кө-
ріп еді, темір қақпақ.
Қолына ілгегі ілінгенде жоғары тартып қалды. Жарты ға-
сыр дан  астам  қол  тимегенге  шіріп  кетіпті.  Бөлініп-бөлініп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет