Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет212/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
233
тұра жүгірдім. Аяғым төсектердің теміріне соғылып есік ке 
жет тім-ау,  артымнан  Коля  ырсылдап  келіп  қалды.  Есік тен 
атып шықтым да:
– Талғат... Талғат., – деп айқай салдым. 
Коля менің артымнан далаға жүгіріп шықпады, ал дан ға-
нын енді біліп есікті керіп қарап тұрды. 
– Тағы қолыма түсерсің əлі, – деп тістенді.
Мен  айқайлағанға  Талғат  келе  қоймады,  алыстау  кетіп 
қал са керек. Денемнің əлі дірілдеп тұрғанын сездім. Асхана 
жақ қа  кіруге  артымнан  Коля  келіп  қала  ма  деп  қорықтым. 
Жатын орынға жапсарлас техника жөнейтін шеберхана бар 
еді,  соған  қарай  жанұшыра  жүгірдім.  Бағанағы  жан та лас-
қан жерде аяғымдағы шарқайым қалып қойып еді, жа лаң аяқ 
табаныма бірдеңелер батып келеді. Алыстан шеберхана ал-
дында бүкіреңдеп жүрген орыс шалы – Миша ағайды көр-
дім. Со ған жетіп келдім, алды жыртылған халатымды қау сы-
рып ал ған мын, жалаңаяқ, шашым жалбырап кеткен:
– Миша ағай, Миша ағай, – деп манағы Колядан көр ген 
зор лық-зомбылықтан жылап жібердім. Шал белін түзеп, тү-
рім ді көріп:
– Қызым-ау, не болды? – деп қолымнан ұстай алды.
– Қоля... Коля, – дей беремін.
– Коляға не болды? – дейді.
– Қорқынышты, – деп бетімді басып жерге отыра кеттім.
– Немене, ол зэкті біреу өлтіріп кетті ме? – дейді Миша 
аға йым.  Оның  «зэк», «өлтіріп»  деген  сөздерінен  шошып, 
одан əрмен айқайлап жылаймын. Шал екеуміз бір-бірімізді 
тү сін бей міз.  Шеберхананың  түпкі  жағынан  Бах  деген  ком-
байнер шықты. 
– Сендерге не болған? – дейді бейғам, өзі сондай сабырлы 
кісі еді.
– Мына қыз, Коляны біреу өлтіргендей жылайды, барып 
кел ші, – дейді түк түсінбеген шал. Мен «ол мені зор ла мақ шы 
болды», – деп айта алмай тұрғанымды қайдан білсін.


234


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет